Аманжол рысмендиев табыстарға жетудің 7 ҚҰпиясы



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#40257
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Кӛзі жоқ, құлағы саудың 
Ақылы толады. 
Құлағы жоқ, кӛзі саудың 
Ақылы солады. 
Халық даналығы. 
«Адам білмегендіктен адаспайды, білгішсінем деп адасады». 
Жан Жак Руссо. 
Қазақтардың басты кемшілігі қандай? 
Мен бҧл тақырыпты кітапқа бекерден-бекер енгізіп отырған 
жоқпын. Неге біздің еліміз ӛсіп-ӛркендеу жағынан кенжелеп келеді?
Неге кӛп адамның кәсіп бастауы, биікке кӛтерілуі қиын? Ӛйткені 
қазақтарды «Мен бәрін білем, идея кӛп қой» деген нәрсе артқа 
тартуда. Кезіндегі «Ӛзің білме, білгеннің тілін алма!» деген Қалдан 
Сереннің Абылай ханға айтқан қарғысы бҥгінде алдымызға келіп 
жатқандай. Қазір біздің қазақ қайтеді, әрине, «Бәрін білемін!» деп 
ойлайды. Бірақ «Білемін!» деп жҥріп бәрін қҧрдымға кетіріп алғанын 
аңдамай қалады. 
«Мақсаттың не екенін мен білемін, менің алдыма қойған 
мақсатым бар», -- дейтіндер кӛп. Ал шындығына келсек, «білу» деген 


«оқу» емес, «қолдану» дегенді білдіреді. Яғни егер сіз мақсатты 
қолданып, оны кәдеге жаратып жҥрмесеңіз, мақсаттың не екенін 
мҥлдем білмеген адамсыз. Тура сол сияқты жоспар дегеннен 
беййхабарсыз, егер сіз кемінде 5 жылға жоспар қҧрмаған болсаңыз. 
Сондықтан адам ҥнемі ӛзінің саласы бойынша білім алуға 
ҧмтылуы тиіс. Ӛзі білмеген нәрсені ӛзгелерден сҧрауға арланбау 
керек. Бәрі бала тәрбиелеп отыр, бірақ бала тәрбиесі жайлы 
білімдерін кеңейткен жоқ, ізденбеді. Егер әрбір ата-ана бала тәрбиесі 
жайлы кітаптарды, газеттегі мақалаларды кӛп оқыса, білімін 
жетілдірсе, олардың балалары «вундеркинд» болып шығар еді, ӛз 
саласының білікті маманы болар еді. 
Адам «білем» деген сӛзді айтқан кҥннен бастап дамымайды. 
Мәселен, басқа емес ӛзімді алайын, мысал ретінде. Егер мен іштей: 
«Менен асқан оратор жоқ қой. Мына кітапта жазылғандарды ӛзім-ақ 
білемін», -- десем, онда мен сол сәттен бастап ішкі жан-дҥниемнің 
дамуын тоқтатқан болар едім. Сондықтан білем дегенді қойып, ҥнеміз 
ізденісте, жаңа нәрсені ҥйренуге деген талпыныста болуыңыз керек. 
Осы сәтте мынадай кеңес берсем дейиін: Ӛз ісінің шеберлерінен 
ғана ақыл сҧраңыз. Мысалы, сіз жолдасыңызбен ренжісіп қалдыңыз 
делік, кімнен ақыл сҧрайсыз, барасыз да сізден ӛмірлік тәжірибесі аз 
болмаса, кӛп емес қҧрбыңыздан сҧрайсыз. Ӛзінің кӛргені мен кӛңілге 
тҥйгені аз қҧрбыңыз сізге қайбір кеңес берсін?! Дәл сол сияқты кәсіп 
бастауды немесе белгілі бір іспен айналысуды кҥйеуіңізден немесе 
ата-енеңізден сҧраған боларсыз? Олар ше, кәсіптің жілігін шағып
майын ішкен маман ба еді?! Кешіріңіз, ондай адам сізге қайбір оңған 
кеңес берсін?! Сол себепті тек ӛзіңіздің салаңызға қатысты кәнігі 
маманнан ғана кеңес сҧрап ҥйреніңіз.Ҥй салсаңыз архитектордан, 
отбасыңызда проблема болса психологтан, басыңызға іс тҥссе 
заңгерден ғана кеңес сҧрауға әдеттеріңіз. 
Менің бір танысым ҥй салды, осыдан бірер жыл бҧрын. Бҧрын-
соңды ҥй салып кӛрмеген танысым тәуекелге бел буып, ӛз білгенімен 
салды. Жҧрт оған: «Әй, мамандармен кеңеспедің бе? Фундаментіңнің 
цементі аз ғой, ертең опырылып тҥседі», -- деп ақыл айтты. Бірақ ол 
ешкімнің сӛзін қҧлағына ілмеді. «Қҧламайды, ауылда елдің бәрі 
осылай салып жҥр», -- деп айтты бәріне. Сонымен не керек, ҥй бітті, 
жаз ӛтіп қыс келген шақта ҥйдің іргетасы зәктеніп, кӛктем шыға 
опырылып қҧлады. Бҧдан шығар қорытынды, әр нәрсені ӛз маманынан 
ғана сҧраңыз. 
Сол сияқты адамдар да қай саланың маманы, сол салаға 
қатысты ақылды ғана айтуды дағдылансын. Оның зияны: біреудің 


проблемасына басыңызды ауыртасыз, уақытыңызды жҧмсайсыз әрі 
берген кеңесіңіз керісінше болып шықса, онда біреудің кҥнәсін 
арқалауыңыз мҥмкін. Осыны есте мықтап ҧстаңыз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет