Джон Вон Эйкен.
«Ӛз сана-сезіміңізді ӛзгерте отырып, Сіз ӛз Әлеміңізді
жасайсыз».
Уинстон Черчилль.
Ӛзгер! Дамы! Білім ал!
Кризистен қҧтылуға кӛмектесетін тӛртінші қадам ол ӛзгеру, білім
жинау, даму.
Заман талабы сол, ӛз ісіңде мықты болмасаң артта
қаласың не аш қаласың! Ал, ӛз ісіңізде мықты болудың жалғыз жолы
ол ҥнемі заман ағымының дамуына ілесіп дамып отыру, іскерлік
шеберлікті пышақтың жҥзіндей қайрап жҥру. Сіз жыл сайын жаңа
киімдер
сатып аласыз ғой, жоқ сол тоқсаныншы жылғы киімдеріңізді
әлі киіп жҥрсіз бе. Әрине жоқ! Сіз жыл сайын мейліңше қандай жаңа
киімдер сәнге айналды соларды сатып алуға тырысасыз. Ескі
киімдерді кимейсіз ӛйткені олар ескіріп кетті немесе модадан шығып
кетті. Тура сол сияқты сізге де заманға сай біліміңізді толықтырып,
кәсібіңізде тренедке айналған қҧралдарды қолданып дамып, ӛзгеріп
отыруға тура келеді! Кӛшеде
бір адам жабайы адамдардың
дәуіріндегідей малдың терісін киім қылып жамылып жҥрсе, ол адамға
бір тҥрлі қарап қабылдамайтынымыз белгілі. Сол секілді, мен бәрін
білемін деп универде алған біліммен ғана жҥріп кӛтерілуді, ӛрлеуді
армандамай ақ қойыңыз. Ол мҥмкін емес!
Тұлға – Әрекет – Нәтиже!
Жоғарыда кӛрсетілген сызба, ол - біздің кҥнделікті ӛмірде кӛп
қолданатын, ҧстанатын формуламыз. Яғни, істі бастаймын, кӛп
кешіктірмей нәтиже шығарамын, нәтижеме қарай тҧлғалық
білімім
қалыптасады деген тҥсінік. Ал енді сол формуланың іс жҥзіндегі
нәтижесіне баса назар аударсақ.
Қазақта: «Бала кӛрмеген уалап ӛлтіреді, қой кӛрмеген қуалап
ӛлтіреді», -- деген жақсы сӛз бар. Соның мысалы ретінде осыдан 8-9
жыл бҧрынғы жағдайды айтайық: АҚШ - ҚР банктері – Халық2004-2008
жылдары Қазақстанда банктердің несие беру, халықтың несие алу
кезеңі болды. Оның нәтижесін мен айтпасам да барлығымыз білеміз.
Бизнес жҥргізу жағынан сауаты жоқ адамдар кӛптен қалыспай «істеп
жҥріп-ақ ҥйреніп кетемін» деген ҧстаныммен ӛз ісін ашуға банктерден
несие алды. Іс бастамады емес, бастады. Той да жасады, автокӛлік те
алды. Ҧзын сӛздің қысқасы, білімінің аздығынан, қабілетінің
болмауынан кӛптеген адам банк ақшасын ӛз ақшасындай кӛріп,
шығындарға мән бермеді. Екіншіден, кәсіптен қалай нәсіп кӛру жолын
білмегендіктен, ҥшіншіден, "істеп жҥріп-ақ ҥйренермін"
деген ойдың
нәтижесінде алған несиесін қайтара алмай тығырыққа тірелді. Банкке
кепілге қойған ҥйден айырылып, ҥйсіз қалып жатқандар да жетерлік.
Ал енді халыққа берген несиесін қайтара алмай тығырыққа тірелген ҚР
банктері АҚШ банктеріне қарыз болудан басқа жолы қалмады. АҚШ
банктерінен несиені текҚазақстан банктері емес, басқа мемлекеттердің
де банктері алды. Олардың да алған несие пайыздарын уақытылы
қайтарып тҧруға мҥмкіндігі болмады. Нәтижесінде АҚШ-тағы бірнеше
жылдық тарихы бар екі банк әлем нарығынан ысырылып тасталды.
Яғни, тоқырауға тҥсіп, ӛз жҧмыстарын тоқтатты.
Міне, ӛзіңіз кӛргендей, білімсіздіктің нәтижесі неге душар етті?
Ешкім де істеп жҥріп ҥйреніп кеткен жоқ!«Қазақстан» телеарнасының
тілшісі бірде менен: «Аманжол мырза, бҥкіләлемдік қаржы дағдарысы
не себепті пайда болды? Сіздің ойыңыз қандай?» - деп сҧрады.
Мен: «Әлемдік қаржы дағдарысын тудырған бірінші себеп, ол - ой мен
білім дағдарысы. Егер де
несие алған әр адамның қаржы, бизнес
саласында терең білімі болса, істері алға жҥріп, кіріс кӛлемі пайда
болар еді. Қазақстан бойынша несие алған адамдардың 70пайызы
бҥгінгі кҥні тоқырауда отыр», - дедім. Сондықтан да, іс бастамас бҧрын
ол істі қандай адам істей алады, оның білім деңгейі қандай болуы
керек, барлығын саралау қажет.
Саралай келе, сол қабілет пен
қасиеттерді ӛз бойымызда дамытуға тиістіміз. Яғни, жоғарыда
кӛрсетілген сызба бізге кӛп пайда бере алмайды. Мен сізге
жеңімпаздар, миллионерлер ҧстанатын сызбаны ҧсынайын:
Тҧлға - Әрекет - Нәтиже
Жауап беріңізші, жылына 1 000000 АҚШ долларын кім табады?
Әрине, миллионер табады. Егер де миллион табу арманыңыз болса,
миллионерге тән
қабілет-білімдерді жинақтап, ӛз бойыңызда
дамытыңыз.
Қысқасын
айтқанда,
миллионерлік
тҧлғаны
қалыптастырыңыз. Адамның білімі, қабілеті қандай, әрекеті де сондай.
Әрекетке қарай нәтиже.
Кӛз алдыңызға «Жигули» маркалы кӛлікті елестетіңізші, оның
«газын» қанша тырысып барынша жылдамдыққа салып бассаңыз да
«Мерседес» автокӛлігі секілді жҥре алады ма, әрине, жоқ! «Мерседес»
маркалы автокӛлік секілді кӛпшілікті таңдандыра, ӛзіне сҥйсінте қарата
алады ма, әрине, жоқ! Ӛйткені Жугули Мерседес болу ҥшіні іш
қҧрлысын толық ӛзгерту қажет. Бҧдан шығар қортынды, сіз ӛзіңізді
ӛзгертпейінше ӛмірде ҥлкен жетістікке жете алмайсыз. Жетістіктің қия
шыңынан кӛрінгіңіз келсе алдымен ӛзіңізді ӛзгертіңіз, ішкі жан-
дҥниеңізді дамытуға кҥш салыңыз.
Ал енді кризистен шығу ҥшін тҧлға ӛз
бойындағы қандай
қасиеттерді дамытуы тиіс? Осыған тоқталайын.
Ең бірінші, адам ӛзінің мақсаткерлік қабілетін дамытуы тиіс.
Екіншіден, бір нәрсеге тоқталу, яғни алдына ҥлкен мақсат қойып, бар
кҥш-жігерін тек соған ғана жҧмсауды ҥйренуі қажет. Ҥшіншіден,
еңбекқорлық және шапшаңдық қасиетін шыңдауы керек. Одан кейін
адамдармен тіл табысу қасиетіне мән берсін. Қандай жағдай
болмасын сабырлы болуға ҥйренгені жӛн. Әр кҥнді, әр сағатты
жоспармен ӛткізуге дағдылансын. Сосын ӛз
саласы бойынша кәсіби
біліктіліктерін жетілдіруі тиіс. Міне, осы қасиеттеріңізді шыңдап,
дамытып алсаңыз, онда әрекет етуге кӛшу керек.
Достарыңызбен бөлісу: