«Ақмола облысы бб-ның Жарқайың ауданы бойынша бб державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы орта білім беретін мектебі» кмм



бет1/2
Дата23.03.2023
өлшемі1,87 Mb.
#75818
  1   2
Байланысты:
Шебер-сынып Оспанова ЭЖ



«Ақмола облысы ББ-ның
Жарқайың ауданы бойынша ББ
Державин қаласының Ақпан Үкібаев атындағы
орта білім беретін мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Оспанова Эльмира Жанадиловна
Оқушыларды шығармашылыққа баулудың тиімді жолдары көп, тек ұстаз үйретуге ерінбесе, шәкірт үйренуден жалықпаса... Қазіргі таңда білім беру саласында білім алушыларды сыни тұрғыдан ойлана алуға, алған білімін өмірде орынды пайдалана білуге, мәдениетті әрі көркем мінезді, өзіне сенімді әрі құзіретті етіп тәрбиелеу және өз бетінше оқып үйренуге бағыттау әрекеттері жүзеге асырылуда. Әріптестеріме тәжірибе тарату мақсатында мен де өзімнің шығармашылықпен, ізденушілікпен айналысып жүрген шәкірттерімді үйретудегі іс-тәжірибеммен бөліспекпін.

Тақырыбы

Көркем шығармаларды оқытуға жаңаша көзқарас

Шебер сыныпқа қатысушылар

Гуманитарлық пәндер мұғалімдері

Мақсат

Әріптестерге білім алушылардың, соның ішінде дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді таныстыру

Күтілетін нәтиже

Әріптестер білім алушылардың, соның ішінде дарынды оқушылардың шығармашылық әлеуетін арттыруда қолданылатын тиімді әдіс-тәсілдерді өздері орындай отырып үйренеді, тәжірибесінде қолданады

Барысы


Жағымды орта қалыптастыру.

Қайырлы күн, құрметті әріптестер! Өздеріңізбен аман-есен жүздесіп, тәжірибе алмасу үшін кездесіп отырғаныма сондай қуаныштымын. Құрметті әріптестер, әрқайсыңыз оң жағыңызда отырған көршіңізге жақсы тілек, жылы лебіз білдіріңіздер, сөзіңіз қазір берілетін тапсырмаларды орындауда одан қолдау көре алатыныңызды, оған сенім арта алатыныңызды білдіретіндей мазмұнда болсын. Оң жақтағы адамдардың әсерін білу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет