Байланысты: Мектепалды даярлық сыныбында жаңаша оқытудың әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары (0 сынып)
Мақсаты: Оқытудың 7 модулі туралы түсінік бере отырып, оқу мен оқытуда жаңаәдіс - тәсілдерді топтық жұмыстар арқылы қолдану оқушыларды бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрету.
Міндеттері: - Оқу мен оқытуда жаңа әдіс - тәсілдерді оқытудың тиімді әдістерін пайдаланып, жаңа білімді игеру;
- Топтық жұмыс нәтижесінде оқушылардың әртүрлі ұстанымдармен алмасуға ықпал ету;
- Ынтымақтастық оқу жағдайында оқушылардың құрбы - құрдастарымен қарым - қатынас жасай отырып, өз идеяларын ұсына білуге, әртүрлі ұстанымдармен алмасуы.
«Білімді ұрпақ – болашақ кепілі», - демекші, қазіргі таңда елдің болашақ азаматтарын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы әсер етуі үшін оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл оқу – әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс – әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Сабақты жаңашыл үрдіспен өткізу – оқушылардың білім сапасын арттырып, олардың шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамытып отырады, ал ұстаздар үшін кәсіби шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі.Мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да - мұғалім. Бала тағдыры қолына сеніп тапсырылып отырған басты тұлға да ұстаз екені барлығына белгілі.Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектепте.Ал бастауыш буынның негізгі міндеті – баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның шығармашылық және ойлау қабілеттерін дамыту, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш саналы ұрпақ тәрбиелеу.Шығармашылық қабілеті әр баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден – бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс – тәсілдерді таңдап пайдалану.Бүгінгі таңда технологиялар өз қолдауларын тауып, оқу үрдісіне қолдануда. Технология – бұл қандай бір жұмысты, өнерді шеберлікпен іске асыру жиынтығы. Бастауыш сыныптарда сыни тұрғыдан ойлау технологиясы қолданылуға ыңғайлы, былайша айтқанда маңызымен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақты әдістер мен тәсілдер.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез – келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінің, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады:
1. Қызығушылықты ояту
2. Мағынаны ашу
3.Ой толғаныс
Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай мәселелерге қол жеткізеді:
Оқушылар басқалармен қарым – қатынас жасай береді;
Басқаларды тыңдай білуге, кезкелген жауапқа сыйластықпен және түсінікпен қарауға үйретеді;
Өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды;Керек кезінде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді;Ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылады, сабаққа қызығушылығы артып,балалардың белсенділігі өте жоғары болады;
1. Оқу – жазу орталығы;
2. Өнер орталығы;
3. Бейнелеу орталығы;
4.Жапсырорталығы;Әрбір оқушы осы орталықтар бойынша өз ойларын ашық жеткізді, бірлесіп, ұжымдасып жұмыс жасады, бірінің ойын бірі толық тыңдады және толықтырып отырды, барлық оқушы толық қамтылды, бір оқушының өз бетінше өлең шығаруға төселіп қалғанын, сөздік қорының мол екендігін көрсетсе, ал бір қызым 5 минуттық эссе жазып, өз ойларын толық жеткізе алды, сурет салу бойынша өз ойын жүйелі жеткізе білген оқушылар көп болды.Тақырыптың жан – жақты мағынасы ашылып, оқушылар көптеген мәліметтер жинақтады және ізденіс жұмыстарын жасады.Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді сыни тұрғыдан ойланып өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады. Байқау,бекіту,есте сақтау кезеңдері бойынша оқушының түсінбеген жерлері қайта – қайта түсіндіру арқылы 85 % -ға жетті.Жұптық жұмыс түрлері оқушының бір – біріне деген сенімін арттырып,барлығы жақсы баға алуға талпынды. Сабаққа деген оқушының қызығушылығы артты, барлығы сабаққа белсене қатысты.