Байланысты: Мектепалды даярлық сыныбында жаңаша оқытудың әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалану жолдары (0 сынып)
Сауат ашу, дүниетану сабақтарында қолданып жүрген «Таңертеңгілік жиын», «Шаттық шеңбері», «Топтастыру стратегиясы», «Венн диаграммасы», «Кубизм стратегиясы», «Сәйкестендіру» және «Болжау стратегиясы» оқушылардың білім жинақтауда
жан – жақты ашыла түсуіне үлкен жол ашады.
Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды орындауы шарт:
1. Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
2. Оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру.
3. Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
4. Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5. Кейбір оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету. “ Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту” технологиясы бойынша арнайы өткізілген курстардан дәріс ала отырып, өз сыныбымда осы жобамен жұмыс жасаймын. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған тақта секілді таза, пәк. Мектепалды даярлық сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру.