7. Білім беруді басқару және көшбасшылық Аталған модуль білім берудің кез келген жүйесіндегі тұрақты даму мен өзгерістердің сырттан енгізілуі мүмкін емес, олар нақты сыныптардағы мұғалімдердің тәжірибесі мен түсініктеріндегі өзгерістерден бастау алу керек деген тұжырымға саяды. Қандай жағдай болмасын, өзіңіздің өмірлік ұстанымыңызды таңдай білу, адамдық көшбасшылыққа негізделеді. Олай болса, бағдарламаның негізгі идеясы сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және тәжірибе мен білім саясатын қайта бағалау мұғалімдер бастамасымен барлық деңгейлерде өзгерістердің іске асырылатыны негізделеді. Мектеп жұмысының бағдарламасына балаларға көшбасшы болуға үйрететін тренингтер, рөлдік ойындар кіреді.Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы оқушының өздігінен білімнің мәнін меңгеруі және бағалай білуі. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады. Елбасы Н.Назарбаевтың: «Біздің міндетіміз - бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбиелеу», - деген пікіріне қосыла отырып, саналы, білімді ұрпақ тәрбиелеуде шаршамай еңбек ете білейік. Қорытынды: өзіміздіңіс-тәжірбиемізді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
1. Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
2. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.
3. Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс — әрекетке қабілеті артты.
4. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата… аналармен ынтымақтасуға, оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкіртіміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі. 5-6 жасар балалардың мектепалды даярлығы отбасында, мектепке дейінгі ұйымдардың мектепалды даярлық топтарында немесе жалпы білім беретін мектептердің Дүние жүзілік тәжірибе балаларды алты жастан бастап оқытудың пайдалы екенін растады және алты жастағы балаларға тән білуге құмарлығы белгілі жүйемен қанағаттанып, және олардың дамуы қарқынды түрде жүре бастайды. Жаңа зертеулерде, бала бес-алты жаста болатын интеллектуалдық деңгейдің 2\3 бөлігіне жететіндігін дәлелдеді. Мектепалды жастағы балаларға білім беруде диагностикалық әдістер арқылы, олардың:
1. Дүниетанымдық түсініктерін анықтау.
2. Тапсырманы ауызша орындауын тексеру.
3. Балалардың заттарды тану ептілігін анықтау.
4. Оқиғаның жүйелілігін анықтап, ептілікпен тауып орнатуға
бейімделуін қалыптастырады. Қорыта айтсам:Жалпы айтқанда, осындай жағдайларға байланысты мектепалды даярлықтағы балалардың бойындағы оқушы болу ықыласын, маңызды әрекеттерді орындауын, оқуды бала ерік-жігер қасиетінің дамуының жеткілікті дәрежесін, кейбір арнайы білімдер мен дағдыларды игеруді және оқып, жаза білуін, санауды, математикалық есептерді шығаруды, баланың таным әрекеттерінің және танымдық қызығушылығының даму дәрежесін, сонымен бірге ойлау қабілеттері, мектептегі оқуға ұсынылған жоғарғы талаптарға сай болуын, сөйлеудің дамуын, айналасындағыларға байланыстырып, жүйелендіріп және түсінікті етіп, заттарды, суреттерді, оқиғаларды және т.б. игеріп алу ептілігін, баланың жалпы әрекетке кірісуін, сынып ұжымына үйренуін және сыныпта өз орнын таба алатын баланың жеке басының қасиеттерін жүріс-тұрысының әлеуметтік мотивтерін, жүріс-тұрысын игеру ережелерін және т.б. жатқыза аламыз.
Күтілетін нәтиже Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.
Білуге дағдыланады: Оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін тиімді пайдалана алатынын көрсете алады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.
Меңгереді: : Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді
.