Амреева Т. М. Шара жиенқҰлованың би мектебін үйрену әдісі 5В040900 Хореография мамандығы студенттеріне арналған



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата27.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#63268
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20
 
1.2.2 
Тұрмысқа байланысты туындаған би 
қимылдары 
Тұрмысқа байланысты туындайтын би қимылдары; сәлем 
(әйелдер), сәлем (ерлер), сәукеле, түбек, кебеже, кереге көз, құрт 
сығу, беташар, айна, бота мойын, ожау, ою, ши орау, саба пісу,
ұршық, өрмек, тақия.
Сәлем (қыздар сәлемі) 
«Бір» дегенде екі қолын екі жаққа жайып, оң аяғымен оңға 
бір басады.
«Екі» дегенде сол аяғының ұшын оң аяғының өкшесіне 
түйістіреді. 


14 
«Үш» дегенде екі тізесін сәл бүгіп, екі қолын оң тізесінің 
үстіне қояды (оң қолын сол қолының үстіне).
«Төрт» дегенде басын иіп сәлем етеді.
 
 
Сәлем (ерлер сәлемі) 
«Бір» дегенде екі қолын екі жаққа 
жайып, оң аяғымен оңға бір басады.
«Екі» дегенде сол аяғын оң 
аяғының қатарына әкеп қосады.
«Үш» дегенде екі тізесін қосып 
ұстап, екі қолын сол қолының үстіне 
қояды.
«Төрт» дегенде басын иіп сәлем 
етеді.  
 
 
 
 
Сәукеле 
«Бір» дегенде оң аяғына секіріп түсіп, 
оң қолын жоғары көтереді де, саусақтарын 
төбесінде салбырата ұстайды. Содан соң 
сол қолымен мықынын таянып, сол аяғын 
алға соза көтереді.
«Екі» дегенде сол аяғымен еденді 
теуіп, оң аяғын алға соза жоғары көтереді. 
«Үш» дегенде қолын ауыстырып ұстап, 
оң аяғын еденге түсіре бере сол аяғын 
еденге түсіре бере сол аяғын жоғары 
көтереді.
«Төрт» дегенде сол аяғымен еденді теуіп, оң аяғына әкеліп 
қосады. 
 
 
 


15 
Түбек 
Биші дайындық кезінде сол тізесін бүгіп 
екі алақанды тізеге қояды.
«Бір» дегенде екі қолын шынтақтан бүге 
көтеріп, оң қолды басынан асыра, сол қолын 
сол иықтың тұсында ұстайды да, екі 
алақанын төмен қаратады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет