«Екі»дегенде екі қолдың алақанын да
жоғары қаратады.
«Үш» дегенде сол қолын жоғары, оң
қолын оң иықтың тұсында ұстап, екі
алақанын төмен қаратады.
«Төрт» дегенде екі алақанын да жоғары
қаратады.
Кебеже Биші дайындық тұсында тізерлеп отырып, екі қолды төмен
ұстайды.
«Бір» дегенде екі қолын шынтақтан бүгіп жоғары көтереді.
Саусақтарын біріктіріп ұстап, екі алақанын төмен қаратады.
«Екі» дегенде екі алақанын жоғары қаратады.
«Үш» дегенде екі алақанын төмен қаратады.
«Төрт» дегенде екі қолды басынан айналдырып, екі
алақанын екі жаққа қаратады. Кереге көз 1-түрі. Биге дайындық қолды алға соза көтеріп,
аяқты 6-шы позицияда ұстаудан басталады.
«Бір» дегенде екі өкшесін екі жаққа
ажыратады, оң қолын сол қолдың үстінен
ішке қарай айналдырады.
«Екі» дегенде екі өкшесін қайта қосып,
аяқтың екі басын ажыратады, сол қолын оң
қолдың үстінен айналдырады.
«Үш» дегенде
тағы
да
өкшесін
ажыратып, аяқтарының басын біріктіреді, оң
қолдың үстінен айналдырады.
16
«Төрт» дегенде өкшелерін қайта қосып, аяқтың ұшын
ажыратады, оң қолының үстінен сол қолын айналдырады.
Бұл қимылдарды оңға-солға жасап, онан кейін бір орнында
тұрып оңға-солға айналады.
Құрт сығу Құрт-2 «Бір» дегенде
екі
қолын
кеуде
тұсына
көтеріп,
шынтағынан
бүгеді. Содан кейін оң
алақанын
сол
алақанға
тиістіріп, қолдың басын
алға созады.
«Екі» дегенде
сол
қолының алақанын жабық
күйінде
астынан
үстіне
ауыстырады.