Амреева Т. М. Шара жиенқҰлованың би мектебін үйрену әдісі 5В040900 Хореография мамандығы студенттеріне арналған



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата27.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#63268
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Қурай гүл 
 
Аяқтың дайындығы 3-ші қалыпта 
«Бір» дегенде сол аяғымен алға сырғанай 
басып, оң аяғын артқа қарай ұшынан қояды. 
Дененің салмағы сол аяққа түседі. Сол қолын 
жоғары тік көтеріп, оң қолын шынтақтан 
бүгіп кеудесіне басып ұсатайды да, басын 
көтеріп жоғары қарайды. 
«Екі» дегенде саусақтарын ажыратады 
(гүлдің ашылғаны), екі алақанын алға 
қаратады.


11 
Шаңырақ 
Биші дайындық кезінде тізерлеп отырады.
«Бір» дегенде екі қолын екі жаққа жаяды.
«Екі» дегенде екі қолын шынтақтан 
бүгіп, өзіне қарай сәл жинайды. 
«Үш» дегенде екі алақанын жоғары 
қаратады.
«Төрт» дегенде екі қолын жоғары бастан 
асыра көтеріп, екі қолының ортаңғы 
саусақтарын бір-біріне түйістіреді де, екі 
алақанын төмен қаратып саусақтарын бір-
біріне жабыстырады.
 
Ашамай 
«Бір» дегенде оң аяғымен алға басып, екі 
қолын екі жаққа жаяды.
«Екі» дегенде сол аяғын оң аяғына 6 
қалыптағыдай етіп қояды, екі қолдың басын 
буынынан айқастырады.
«Үш» дегенде басын оңға бұрады. 
«Төрт» дегенде басын солға бұрып
бұдан соң қимылды солға қайталайды.
 
 
 
Қияқ гүл 
Аяқтың дайындығы 2-ші қалыпта
«Бір» дегенде оң аяғымен алға бір қадам 
басып, екі қолын екі жаққа жаяды.
«Екі» дегенде сол аяғын алға өкшесіне 
қойып, оң қолын жоғары көтеріп шынтағынан 
бүгеді. Ал содан кейін сол қолының 
алақанына оң қолының шынтағын қойып 
басын оңға қарай бұрады.
«Үш» дегенде сол аяғымен солға бір 
басып, екі қолын екі жаққа жаяды.
«Төрт» дегенде оң аяғын алға өкшесіне 
қойып, 
қолдарын 
алмасытырады. 
Сол 


12 
қолының шынтағын оң қолының алақанына қойып, басын солға 
бұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет