Амреева Т. М. Шара жиенқҰлованың би мектебін үйрену әдісі 5В040900 Хореография мамандығы студенттеріне арналған



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата27.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#63268
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
Amreeva T.M. Shara Jienqulovanyn bi mektebin uireny adisi 2017

 
 
Құс тұмсық 
Аяқтың дайындығы 3-ші қалыпта
«Бір» дегенде оң аяғымен алға бір басып
екі қолын төмен түсіреді.
«Екі» дегенде сол аяқтың өкшесімен алға 
басып, екі қолын екі жаққа жаяды 
«Үш» дегенде сол аяғын оң жаққа 3-ші 
қалыптағыдай етіп әкеп қосады.
«Төрт» дегенде оң қолын жоғары көтеріп, 
саусақтарын біріктіріп ұстап алақанын төмен 
қаратады да, сол қолын беліне таянып, басын 
солға бұрады.
Көбелек 
«Бір» дегенде аяқтың өкшесімен алға бір 
басып, екі қолын екі жаққа жаяды. «Екі» 
дегенде оң аяқтың басын солдан оңға бұрып, 
екі қолдың бас буынын айналдырады. Сол аяқ 
оң аяқтың артынан жылжиды.
Үш дегенде тағы да оң аяқтың басын 
солдан 
оңға 
бұрады, 
қолдың 
басын 
айналдырып, басын оңға шалқайтады.
«Бір» дегенде оң аяқты сол аяқтың 
алдына соза, өкшеге қойып жылжытады 
«Екі» дегенде оң аяғын солдан оңға 
жылжытады. 
«Үш» дегенде оң аяғын сол аяғына әкеп қосады.
«Төрт» дегенде екі аяқпен кезек-кезек еденді тепкілейді. Бұл 
қимыл енді сол аяқпен қайталанады.
 
 
 
 


13 
Қос өркеш 
«Бір» дегенде екі қолдың саусақтарының 
буынын 
босатып 
желбірете 
2-ші 
қалыптағыдай етіп көтереді.
«Екі» дегенде саусақтарды желбірете 
қолды 2 –ші қалыпқа көтереді.
«Үш» дегенде екі қолдың алақанын 
басынан 
жоғары 
көтеріп, 
бір-біріне 
беттестіреді.
«Төрт» дегенде екі қолдың буынын 
айқастырып, саусақтарын жаяды.
Қос жылан 
Биші дайындық кезінде саусақтарын 
біріктіріп ұстаған қалпы екі қолын алға соза 
көтереді. 
Бір такт музыкаға екі қолдың басын 
біріккен бойы төменнен жоғары қарай 
айналдырады. Біресе оң қолдың басы, біресе 
сол қолдың басы жоғары келтіріліп айналады.
Екі такт музыкаға қолдың басын жоғары-
төмен 
кеуде 
тұсында 
айналдырыла 
жылжытылады.
Бұл қимыл жыланның жүрісін бейнелейді. 
Екі қолдың басы тек бас буыннан ғана айналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет