Амреева Т. М. Шара жиенқҰлованың би мектебін үйрену әдісі 5В040900 Хореография мамандығы студенттеріне арналған



Pdf көрінісі
бет2/20
Дата27.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#63268
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Amreeva T.M. Shara Jienqulovanyn bi mektebin uireny adisi 2017

КІРІСПЕ 
 
Қазақ биінің жұлдызы, Қазақ КСР Халық артисі, қазақ КСР 
Мемлекеттік 
сыйлығының 
лауреаты 
Шара 
(Гүлшара) 
Баймолдақызы Жиенқұлованың шығармашылығы халықтық 
өнердің кең қанат жайып, тамаша дамуына үлкен үлес қосып, 
ұлттық хореографияны әлемдік деңгейге шығарды.
Шара – абзал ұстаз, ұжым жетекшісі болды. Ол бишілік-
практикалық жұмысына теориялық педагогикалық жұмыстарды 
ойдағыдай ұштастырып келді. Шара Жиенқұлованың сиқырлы 
сазды ұлттық би мектебі жас ұрпақты жарасымды етіп 
тәрбиелеудің аса пәрменді құралы, бұл – адамгершілік пен 
көркемдік сезімнің дамуында үлкен рөл атқарады. Оның би 
мектебін оқып үйрену жас ұрпақты иманжүзділік пен көркемдік 
дәстүрлерге баулып, халықтың рухани әлеміне терең бойлатады. 
Қазақ биінің барлық қимылдарында терең поэтикалық және 
ішкі мағыналық астар бар. Халықтың сарқылмас көркемдік қиялы
ертеден-ақ биде пластикалық түрде еңбекті, тұрмысты, табиғат 
сырын, құстар мен хайуанаттар әрекетін, адамның ойы мен 
сезімін бейнелеген.
Қазақ экзерсисі – халық биінің өзіндік қимыл ерекшелігі мен 
ұлттық бояуын сақтап қалу үшін, оны қате үйретуден сақтандыру 
мақсатында жасалған жаттығулар жиынтығы. Ол аяқтың, қолдың, 
дененің халықта қалыптасқан қимылдарының негізінде құралады. 
Аяқ үшін ұзақ және тиянақты тәрбиені қажет ететін бірқатар 
жаттығулардың негізі қазақтың пластикалық эстетикасының 
кейібір принциптері жинақталған қимылдар болып саналады.
Қазақ биі өзінің дамуында ұзақ та күрделі жолдан өтті. 
Бишілердің, хореографтардың бірнеше ұрпағының іздемпаздық 
күшімен, қажырлы еңбегімен талантты талпынысымен пайда 
болып, қалыптасқан қазақ биі қазір өзіндік өрнегімен, ұлттық 
ерекшелігімен, қайталанбас бет-бейнесімен көрермен көпшіліктің 
сүйіспеншілігіне бөленді.
Шараның артында мәңгілік өшпес би мұрасы қалды. Бүгінгі 
күні біздің қолымыздағы қазақ биіне арналған еңбектері мен 
көптеген тамаша хореографиялық қойылымдары соның айғағы. 
Осыған орай Ш.Жиенқұлованың ізденістері, би қимылдары, би 
қойылымдары жан-жақты зерттеу қажеттігін тудырып отыр.
Біріншіден, педагог-хореографтың бишілік, балетмейстерлік, 



зерттеушілік, педагогикалық қызметін ғылыми түрде сараламай 
қазіргі ұлттық би өнерін елестету мүмкін емес. Екіншіден,
Ш.Жиенқұлова би мектебінің ерекшелігі, әдісі би өнерін
оқытатын оқу орындарында толық пайдаланылмай келеді. Қазақ 
биін үйретуде Шараның әдісінен бастамай, әр кім өзінше 
бағдарлама құрып, алуды әдетке айналдырған. Сондықтан оқу 
орындарында бұл сала бойынша дұрыс әдістемелік нұсқаулар аса 
қажет болып отыр.
Оқу-әдістемелік оқулығы мектептерде, колледжерде, жоғары 
оқу орындарындағы би өнері факультеттеріндегі студенттер, 
қазақ биінен сабақ беретін оқытушылар толық пайдалана алады. 
Сонымен қатар, бұл еңбек би ұжымдарының жетекшілеріне
жалпы би өнеріне қызығатын қауымға тиісті көмегін тигізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет