1.2 Шара Жиенқұлованың енгізген би қимылдары Шара Жиенқұлова би өнерін тек бір өзі ғана игеріп, бір өзі
ғана сахнада билеуді мұрат тұтқан емес. Шәкіртсіз ұстаз – тұл.
Өнер биігіне көтерілген сайын, өнер құпиясына молынан
қаныққан сайын, оның тылсым сырларын өзінен кейінгі жастарға
үйретуге бел шеше кірісті.
Шара – абзал ұстаз, ұжым жетекшісі болды. Ол бишілік-
практикалық жұмысына теориялық педагогикалық жұмыстарды
ойдағыдай ұштастырып келді. Шара Жиенқұлова қазақ биіне
көптеген мазмұнды қазақ қимылдарын енгізді.
1.2.1 Қазақтың қолөнер үлгілерінен туындаған би қимылдары Қазақтың қолөнер үлгілерінен туындайтын би қимылдары;
тұмарша, қошқар мүйіз, сыңар мүйіз, киік мүйіз, арқар мүйіз,
тарақ, ирек, қурай гүл, шаңырақ, шынжыр жол, ашамай, қияқ гүл,
құс тұмсық, көбелек, құс қанаты, қос өркеш, қос жылан.
Тұмарша Биге дайындық кезінде биші екі тізесімен
тізерлеп отырады да, екі қолын кеудесіне алып,
оң қолын сол қолының үстіне қойып қусырады.
«Бір» дегенде екі қолын екі жаққа жайып,
екі алақанын төмен қаратып, саусақтарын
ажырата ұстайды.
«Екі» дегенде екі алақанын жоғары
қаратады.
«Үш» дегенде
екі
қолын
3-ші
қалыптағыдай
көтеріп,
қолдың
басын
сыртымен
бір-біріне
қабыстырады,
екі
алақанын екі жаққа қаратады.
«Төрт» дегенде қолдың басын айналдыра әкеліп, екі
алақанды бір-біріне қабыстыра жоғары ұстайды.
9
Қошқар мүйіз Биге дайындық тұсында биші екі қолын
төмен салып, аяғын 2-ші қалып бойынша
ұстайды.
«Бір» дегенде оң аяғымен алға бір басып,
екі қолын екі жаққа жаяды, саусақтарын бір-
біріне жабыстыра ұстайды.