Амреева Т. М. Шара жиенқҰлованың би мектебін үйрену әдісі 5В040900 Хореография мамандығы студенттеріне арналған


«Екі» дегенде сол аяғын оң аяғына әкеп  қосып, екі қолын позициядағыдай етіп көтереді  де, екі қолдың саусақтарын жұмады



Pdf көрінісі
бет5/20
Дата27.01.2023
өлшемі2,05 Mb.
#63268
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Amreeva T.M. Shara Jienqulovanyn bi mektebin uireny adisi 2017

«Екі» дегенде сол аяғын оң аяғына әкеп 
қосып, екі қолын позициядағыдай етіп көтереді 
де, екі қолдың саусақтарын жұмады. 
 
 
 
Сыңар мүйіз 
Аяқтың дайындығы 6-шы қалыпта
«Бір» дегенде екі қолын екі жаққа жайып, 
екі аяқтың ұшына көтеріледі.
«Екі» дегенде екі қолды 3-ші қалыпқа 
көтеріп, екі өкшесін еденге түсіреді. «Үш» 
дегенде сол аяғын оң аяқтың өкшесіне 
түйістіріп, сол қолын кеудеге қарай иеді. Ал, 
оң қолы жоғарыда қалады.
«Төрт» дегенде екі аяқты 3- ші қалыпқа 
қойып, екі қолын төмен түсіреді.
 
 
Киік мүйіз 
Аяқтың дайындығы 1- ші қалыпта 
«Бір» дегенде оң аяқпен алға бір басып, 
екі қолын 1- ші қалыптағыдай алға көтереді.
«Екі» дегенде сол аяғын оң аяққа әкеп 
қосып, екі қолын екі жаққа жаяды.
«Үш» 
дегенде 
екі 
қолын 
үшінші 
позицияға көтереді, саусақтары бір-біріне 
жымдасып тұрады.
«Төрт» дегенде саусақтарын ажыратып
екі алақанын төмен қаратады, ал екі қолының 
ортаңғы саусақтары төмен қарй бүгіліп 
тұрады. 


10 
Тарақ 
 
Екі қолды 1-ші қалыптағыдай етіп көтеріп, 
саусақтарын ажыратады да, екі алақанын алға 
қаратып ұстайды.
 
 
 
 
 
 
 
 
Ирек 
Аяқтың дайындығын 3-ші қалыптағыдай 
етіп, екі қолын төмен ұстайды.
«Бір» дегенде оң аяқтың өкшесін алға 
қойып, денесін солға бұрады. Оң қолын 
жоғары, сол қолын төмен ұстап, 8 санның 
өрнегін жасайды ( оң алақанын жоғары, сол 
алақанын төмен қаратып ұстайды). 
«Екі» дегенде сол аяғымен алға бір 
басып, сол аяқты артқа қарай ұшынан қояды 
да, сол қолын жоғары көтеріп, оң қолын 
төмен иеді. Сөйтіп оңға қарайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет