Амтамасыздандыру



бет43/51
Дата07.09.2022
өлшемі484,5 Kb.
#38632
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
Алгоритрм лекция жинағы

int sum;
онда &sum жазуы осы айнымалының компьютер жадындағы орналасқан ұясының адресі болып табылады.
Нұсқауыштар. Нұсқауыш мәліметтердің адресін сақтайтын айныма­лы бо­лып табылады. Жалпы алғанда, нұсқауыш адрестің символдық кескін­делуі болып саналады. Қарастырылатын мысалда &sumsum атты айныма­лыға сілтейтін нұсқауыш болып табылады. Нақты адрес ретінде белгілі бір сан тұрады, ал &sum нұсқауыш типті константа болып табылады,
Си тілінде нұсқауыш типті айнымалылар да бар. Нұсқауыш типті айнымалылар мәні болып белгілі бір шаманың адресі саналады.
Мысалы, нұсқауыш типті айнымалы ptr идентификаторы арқылы белгіленген болсын, онда келесі оператор sum айнымалысының адресін ptr атты нұсқауыш типті айнымалыға меншіктейді. ptr атты нұсқауыш типті айнымалы басқа да объектіге сілтеуі мүмкін. Мысалы:
ptr=∑ ptr=&max;
* операциясы – адрес арқылы қатынас жасау үшін пайдаланылатын операция. Мысалы, ptr нұсқауыш типті айнымалысында max айныма­лысына нұсқайтын сілтеме сақталған болсын. Осы айнымалының мәнін білу үшін * адресі бойынша қатынас жасау операциясын қолдануға болады. ptr нұсқауышы мәнін анықтау үшін келесі операцияны орындау қажет: res=*ptr;
Нұсқауышты сипаттау. Нұсқауыш типті айнымалыны сипаттағанда бе­ріл­ген нұсқауыш қандай типті айнымалыға сілтейтінін көрсету қажет. Өйт­ке­ні әр түрлі типті айнымалыға ЭЕМ жадында ұялардың әр түрлі саны бөлініп беріледі.
int *iptr;
char *сptr;
float *fptr;
Функциялар арасында байланыс жасау үшін нұсқауыштарды пайдалану. Келесі мысалда айнымалының мәндерін ауыстыру үшін нұсқауыштар пайдаланылған:
main ()
{ int x=5, y=10;
printf ("x=%d y=%d\n",x,y);
change (&x,&y);
printf ("x=%d y=%d\n",x,y);
void change (int *u, int *v)
{
int temp;
temp = *u; *u = *v; *v = temp; }
Массивтер және массивтерге қолданылатын нұсқауыштар.
Массивтерді сипаттағанда, элементтер типі және жалпы жағдайда компьютер жадының қажетті класы көрсетіледі. Қарапайым айнымалыларда қарастырылатын қасиеттер массивтерге де сипаттау кезінде қолданылуы мүмкін. Мысалы:
int b[30];
main()
{ float a[30];
static char c[20];
extern b[];
......
}
Массивтерді инициалдауды қарастырайық. Массив сипатталуында тек сыртқы немесе статистикалық массивтер ғана инициалдануы мүмкін. Мысалы:
#include
#include
int stud[8]={15,16,12,18,10,20,17,19};
main()
{ int i;
clrscr();
extern int stud[];
for (i=0; i<8; i++)
printf("группа N%i: %i студентов\n",i+1,stud[i]);
}
Массивтің нұсқауыштарын қарастырайық.
Массив аты нұсқауышты қолданған жағдайда, массивтің 0-ші элементін анықтайды, яғни ол программа мәтінінде қарастырылған.
Егер а массиві сипатталған болса, онда келесі теңдеу орынды болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет