char (8 бит) – символдық, яғни таңбалық типтер.
short () – қысқа бүтін сан, типі.
int – бүтін сан типі.
long – екі еселенген бүтін сан, типі.
float – нақты сан типі, яғни жылжымалы нүктелі сандар, типі.
double – екі еселенген нақты сан типі.
unsigned – таңбасыз сан типі.
Int бүтін сандар типі- Int типін стандарт бекітпеген, ол компьютерге немесе компиляторға байланысты өзгеріп отырады. 16-разрядты процессорде ол 2 байт, ал 32-разрядтысында – 4 байт.
short int – 2 байт, оның диапазоны –32768 ..+32767;
long int – 4 байт, оның диапазоны –2 147 483 648..+2 147 483 647.
Int типі -16-разрядты ДК үшін short int типімен бірдей, ал 32-разрядты ДК үшін long int типімен бірдей.
unsigned short int – 2 байт, оның диапазоны 0 ..65536;
unsigned long int – 4 байт, диапазоны 0..+4 294 967 295.
char типін 0–255 аралығындағы таңбасыз бүтін сандарды сипаттауға қолдануға болады.
Char типі-Бұл тип мәндері реттелген символдар жиыны болып табылады.
Double типті - сандар екі еселенген дәлдікпен 64 бит арқылы өрнектеледі. Double типінің ені – 8 байт, 1 бит – таңба, 11 бит – дәреже және 52 разряд – мантисса.
Мантисса ені– санның дәлдігін, ал дәреже ені – оның диапазонын анықтайды.
Символдық жолдар (қатарлар)-Си тілінде символдық тіркестерді сипаттау үшін арнайы тип жоқ, олар көбінесе char типтегі элементтерден тұратын массив (жиым) ретінде қарастырылады.
#define– символдарды немесе солардан тұратын константаларды анықтау мақсатында қолданылады.
Printf() функциясы- мәліметтерді экранға шығару үшін қолданылады.
Printf() - printf(<формат тіркесі>,<аргументтер тізімі>); (<формат тіркесі> – қостырнақшамен (”) шектеліп, аргументтердің қалай бейнеленетінін көрсетіп тұрады, экранға (баспаға) шығару алдында барлық аргументтер формат спецификациясына сәйкес түрлендіріледі, спецификация % символымен басталады және мәліметтер типін, оларды түрлендіру тәсілін көрсететін бір әріп жазылады.