goto < метка>; Басқару осы белгімен белгіленген операторға беріледі:
<белгі>: оператор;
Си тілінде белгі мәлімденбейді.
4. Таңдау операторлары
Таңдау операторлары – бұлар шартты оператор және ауыстырғыш (переключатель).
1. Шартты оператордың толық және қысқа түрі бар.
if (шарт-өрнек) оператор; //қысқа түрі Шарт-өрнек ретінде арифметикалық өрнек, қатынас немесе логикалық өрнек жазылады. Егер шартты өрнек мәні нөлге тең (яғни ақиқат болса) болмаса, онда оператор атқарылады. Мысалы:
if (x if (шарт-өрнек) 1-оператор; //толық түрі else 2-оператор; Егер шартты өрнек мәні нөлге тең (яғни ақиқат болса) болмаса, онда 1-оператор атқарылады, ал ол нөлге тең болса, онда 2-оператор орындалады. Мысалы:
if (d>=0) { x1=(-b-sqrt(d))/(2*a); x2=(-b+sqrt(d))/(2*a); printf(“\nx1=%5.2f x2=%5.2f”,x1,x2); } else printf(“\nШешуі жоқ”);
Шартты операция Шартты операция (? :) шартты өрнек жазуға мүмкіндік береді, яғни берілген шартқа байланысты әр түрлі мән қабылдайтын шартты өрнектер құрады. Бұл операция үшорынды болып табылады. Егер оның шарты (бірінші операнды) ақиқат болса, өрнек мәні екінші операндқа тең; егер жалған болса, онда — үшіншіге тең. Мысалы:
max_ab = a > b? a : b; II. Шартты оператор Шартты оператордың жалпы жазылу түрі мынадай:
if (өрнек) 1-оператор; else 2-оператор; Мұнда жақшадағы өрнек ақиқат болса, оператор1 орындалады, әйтпесе оператор2 атқарылады. Операторлар қарапайым немесе құрама болып жазыла береді.
Оператордың қысқа түрі:
if (өрнек) 1-оператор;
Кейде қабаттасқан шартты операторлар кездеседі, мысалы: