«Қан айналымы биохимиясы» модулі бойынша ақпараттық топтама


Миокард инфарктісі кезінде



бет7/59
Дата21.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#85500
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
Қан айналымы биохимиясы- инф блок

Миокард инфарктісі кезінде қанда зерттелуі қажет (зертханалық диагностика):

    1. креатинкиназа (жалпы және МВ-фракция)

    2. АСТ, АЛТ

    3. тропонин

    4. миоглобин

    5. ЛДГ1-3

    6. Калий және магний

    7. Креатинин

    8. Липидтердің түрі (жалпы ХС, ТАГ, ТТЛП, ТЖЛП, атерогенді индекс)

    9. СРБ (С-реактивті белок) және жедел фазалардың басқа да нәруыздары

    10. Гомоцистеин

    11. Эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ), қанның жалпы анализі (ҚЖА)

Идеалды биохимиялық маркер миокард некрозына қатысты ең жоғары арнайылық пен сезімталдылыққа ие болуы керек, миокард ишемиясы (МИ) симптомдары басталғаннан кейін қысқа уақыт ішінде олар қандағы диагностикалық үлкен деңгейге жетуі керек, бұл деңгей көптеген күндер бойы сақталуы қажет. Қазіргі уақытта барлық осы талаптарға толық жауап беретін маркер жоқ, сондықтан МИ диагностикасы үшін параллелді түрде екі – "ерте" және "кеш" маркерлерін қолдануға кеңес беріледі. МИ кезінде қанда "ерте" маркердің мөлшері аурудың алғашқы сағаттарында диагностикалық едәуір жоғарылайды, ал "кеш" маркер мөлшері диагностикалық маңызды деңгейге тек 6-9 сағаттан кейін жетеді, бірақ миокард некрозына қатысты жоғары арнайылығы бар.


Миокард некрозының ерте маркерлері:

  1. Миоглобин

  2. МВ-КФК (креатинфосфокиназаның жүректік формасы – КФК)

  3. Май қышқылдарын байланыстыратын нәруыздың жүректік формасы (МҚБНЖ)

Миокард некрозының кеш маркерлері:

  1. Лактатдегидрогеназа (ЛДГ)

  2. Аспартатаминотрансфераза (АсАТ)

  3. Жүректің I және Т тропониндері

МИ кезінде қан плазмасында өзінің концентрациясын өзгерте алатын көптеген биохимиялық маркерлердің арасында тропониндер, креатенинфосфокиназа МВ-фракциясы (КФК-МВ) және миоглобулин едәуір кардиоспецификалық болып табылады. Сонымен қатар олар жоғары диагностикалық құндылықты көрсетеді.
Тропонин – бұл "жылдам жауап беру" ферменті болып табылады, өйткені ол миокардтың зақымдануының алғашқы сағаттарында некроз аймағынан перифериялық қан ағымына енеді. Т және I тропониндері тек миокард жасушаларында болады, сондықтан олардың қандағы концентрациясының жоғарылауы МИ-ң нақты белгісі және оның таралу көрсеткіштері болып табылады. Жүрек ұстамасының басында және 12 сағаттан кейінгі көрсетілген теріс тропонинді тест науқастағы МИ-сын алып тастауға және тұрақсыз стенокардия диагнозын қоюға мүмкіндік береді. Ауыр ұстамадан соң 6-12 сағаттан кейін перифериялық қандағы тропониндер деңгейінің аз ғана жоғарылауы некрозға әкелетін миокард ишемиясының белгісі ретінде қарастырылады және аурудың айқын клиникалық белгілері мен ЭКГ белгілері болмаса да МИ анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет