«Қан айналымы биохимиясы» модулі бойынша ақпараттық топтама


Липидтерді және полиқанықпаған май қышқылдарын (ПҚМҚ) тасымалдау (элективке қосымша материал)



бет15/59
Дата21.04.2023
өлшемі1,37 Mb.
#85500
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
Липидтерді және полиқанықпаған май қышқылдарын (ПҚМҚ) тасымалдау (элективке қосымша материал)
Қаныққан және полиенді МҚ-н жасушаларға бөлек тасымалдау кезінде, екеуі де және басқалары да жасушаларға пассивті және активті жолменде енеді (сурет 2). МҚ полярлы липидтерден жасушаға пассивті жолмен ЛП жасушаларының сіңіруінсіз түсетіндігі олардың маңызды айырмашылығы болып табылады. МҚ-ң белсенді тасымалдануы кезінде жасушаға полярлы емес липидтердің құрамдас бөлігі ретінде енеді, сондықтан жасушалар рецепторлық эндоцитоз арқылы ЛП-ді сіңіреді. Пассивті жол филогенетикалық тұрғыдан ежелгі; белсенді тасымалдау едәуір заманауи және едәуір жетілдірілген болып келеді.

Сурет 2. Қаныққан және полиенді МҚ-н қанға липопротеиндермен тасымалдау.
Полиенді МҚ тасымалдау - тұтас сызықтар (жуан сызық –белсенді, жіңішке сызық - пассивті )
Холестерин эфирлеріндегі полиенді МҚ тасымалдау - нүкте сызығы.
Қаныққан МҚ тасымалдау – үзік сызықты сызық

Қаныққан МҚ пассивті жолмен жасушаға альбуминмен байланысу арқылы енеді; активті жолмен қаныққан МҚ жасушаға ТОЛП-ң апоЕ/В-100 рецепторлы эндоцитозы кезінде енеді. Пассивті түрде омега-6 полиенді МҚ тасымалдау мембраналық фосфолипидтер және ТЖЛП фосфолипидтері арасындағы МҚ-н трансэтерификациялау кезінде өтеді. Бірақ, омега-З МҚ жасушаға пассивті жолмен ене алмайды. Омега-З МҚ-на деген қажеттілік, борпылдақ дәнекер ұлпаларының жасушалары оларды эйкозаноидтар (простагландиндер, тромбоксандар, лейкотриендер) синтезі үшін қолданады. Эйкозаноидтар капиллярлардағы қан ағысын, тромбоциттердің агрегациясын, электролиттердің шығарылуын, қабыну реакциясын жергілікті реттейді. Арахидондық омега-6 және эйкозапентаендік Омега-З МҚ жасушасынан синтезделген эйкозаноидтар белсенділігі жағынан айтарлықтай ерекшеленеді. Эйкозаноидтар небәрі бірнеше минут ғана әсер етеді; олардың жасушалары сақталынбайды, сондықтан олардың синтезі мен әсер етуі бір уақытта жүреді. Бұл омега-З МҚ жасушаларына рецепторлық енуін қажет етеді. Бірақ, жасушаның рецепторлық эндоцитозымен тек қана полярлы емес күрделі липидтер енеді.


Бірінші кезеңде Омега-З МҚ жасушасына активті тасымалдау полярлы фосфолипидттерден полярсыз холестерин эфиріне (ХЭ) МҚ-н трансэтерификациялау болып табылады; реакция ТЖЛП-де жүреді. Екінші кезеңде холестерин эфирі (ХЭ) холестерин эфирін тасымалдаушы белок (ХЭТБ) әсері арқылы ТОЛП-ге ауысады. Гидрофильді холестерин эфирі (ХЭ) триглицеридттерді ауысытыра отырып, ТОЛП-дің ТТЛП-ге ауысуына көмектеседі. Егер қаныққан МҚ жасушаларына ТӨТЛП мен ТОЛП-ді тасымалданса, онда ТТЛП-ді Омега-З МҚ-на тән тек полиенділер тасымалдайды. Үшінші кезең – апоВ-100 эндоцитоз арқылы ТТЛП жасушаларын сіңіру болып табылады. АпоВ-100 эндоцитоз Омега-З МҚ-ң жасушаға енуінің негізгі кілті деп саналады. АпоВ-100 лиганд құрылымының генетикалық ақауы немесе апо В-100 рецепторларының мембранасында болмауы IIа типті гиперлипопротеинемияға (ГЛП) ұшыратады. Триглицеридтердің холестерин эфирлеріне толық ауыстырылмауынан және ТОЛП-ң ТТЛП-ге ауысуының бұзылуынан туындаған апоВ-100 лигандтың функционалдық ақауы IIб типті ГЛП-ң негізін құрайды (Сурет 3).

Сурет 3 – Полиенді МҚ жасушаларына тасымалдаудағы холестерин айналымы және Д.Фредриксон бойынша әртүрлі типтегі ГЛП-ның түзілуімен МҚ тасымалдау құрсауының орындары.

Лизосомаларда холестерин эфирінің гидролизінен жасушада қолданылатын полиенді МҚ босатылады. Холестерин цитозолдың тасымалдау ақуыздарын мембранаға өткізеді, ол арқылы қанға таралады. Қанда холестерин апоА-1У және ТЖЛП-ді байланыстырады, оны полиенді МҚ этерификациялау үшін қайта қолданады. Осылайша, полиенді МҚ-н тасымалдауда холестерин айналымы жүреді. Қандағы холестерин құрамын анықтай отырып, біз полиенді МҚ-ң тасымалдау формасы болып табылатын және жасушалар сіңіре алмайтын холестерин эфирі деңгейін бағалаймыз. Демек, қандағы холестерин полиенді МҚ жасушаларының жетіспеушілігін көрсетеді.


Алайда, apoВ-100 рецепторы полиенді МҚ-н тасымалдауда тек сүтқоректілердің бір бөлігінде (мұхит шошқалары, шошқалар, қояндар, приматтар), соның ішінде адамдарда негізгі кезең болып табылады; олардың барлығы қанда ХЭТБ-ң жоғары деңгейіне ие. Ал жануарлар (тышқандар, егеуқұйрықтар, иттер) қанында осы белоктың ізі ғана бар, холестерин эфирі ТЖЛП-тен ТТЛП-ге өтпейді және полиенді МҚ-н жасушаға тасымалдау apoВ-100 рецепторларының қатысуынсыз өтеді. Осы жануарларда холестерин эфирі ТЖЛП-тен ТТЛП-ге емес, ТӨТЛП-ге ауысады (апоА-1 + апоЕ белокты-липидті кешен (БЛК)), жасушалар апоЕ/А-1 эндоцитоз жолымен ТӨЖЛП-ді белсенді түрде сіңіреді. АпоЕ/А-1 рецепторлары арқылы полиенді МҚ-н активті тасымалдау филогенетикалық тұрғыдан ежелгі және эндогендік құрсауға төзімді болып келеді. ApoВ-100 эндоцитоз жолымен полиенді МҚ жасушаларына тасымалдануы жануарлардың атеросклерозға сезімталдығын анықтаса, ал apoЕ/А-1 эндоцитоз атеросклерозға төзімділілігін анықтайтындығын болжауға болады (сурет 4).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет