Қан. Қан құрамы, қызметі. Қанның формалық элементтері, олардың қызметі, саны. Қан топтары, резус-фактор. Гемостаз Мазмұны



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата02.12.2023
өлшемі362,23 Kb.
#131742
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Қанның негізгі қызметтері

1.
Тасымалдау қызметі
- тіршілікке қажет заттарды жасушаларға, тіндерге жеткізеді, ал зат 
алмасу өнімдерін сыртқа уақытында шығарып отырады. 
2.
Тыныс алу қызметі
- О2 өкпеден тіндерге, жасушаларға, ал керісінше көмірқышқыл газды 
өкпеге жеткізеді. 
3.
Қоректену қызметі
- ішек-қарыннан қоректік заттарды, витаминдерді, су мен тұздарды 
тіндерге жеткізеді. 
4.
Экскреторлық қызметі
- зат алмасу барысында пайда болған өнімдерді мәселен, денесіндегі 
улы заттарды, азот қалдықтарын тіндерден бүйрекке, өкпеге, тері бездеріне, ішекке 
апарады.Сөйтіп оларды сыртқа шығарып тастайды. 
5.
Қорғаныс қызметі
- қан жасушалары, плазмадағы антиденелер денеге енген микробтарды, 
вирустарды, табиғаты жат улы заттарды бейтараптап, зиянсыздайды. 
6.
Гуморалдық реттеу
- қандағы биологиялық әсері күшті заттар-гормондар, медиаторлар, 
метаболиттер, ағзалар мен жасушаларға өтіп тікелей немесе қан тамырларының ішкі бетінде 
орналасқан хеморецепторларды тітіркендіру арқылы әсер етеді. 
7.
Қан бүкіл денеге тән
гомеостазды 
сақтай отырып, жасушалар мен тінаралық сұйықтықтың 
коллоидтық, осмалық тұрақтылығын сақтайды.Осмалық тұрақтылық бұзылса жасушалар ісіп не 
бүрісіп қалады.Рh тұрақтылығын сақтауда буферлік роль атқарады. 
8.
Қан көп энергия шығырып қызып кеткен ағызаларды суытады, ал суыған ағзаларды 
жылытады.Сөйтіп, дене қызуын бірқалыпта сақтауға қатысады. 
Қанның физикалық және химиялық қасиеттері. 
Қан қызыл түсті, оның құрамы өте күрделі. Артерия қанының ашық қызыл түсі қанда Нв-нің 
(Нb+О2=НbО2,) вена қанының күнгірт түсі карбо Нв-нің (Нb+СО2=НbСО2) көбірек болуына 
байланысты. Адамға иіс тигенде Нb иісті газбен СО қосылып карбокси Нb түзеді де, қанның түсі 
қызыл күрен болады. Дәмі тұзды, молекула салмағы 1,050-1,060 плазманың молекула салмағынан 
1,025-1,035 жоғары, бірақ эритроциттерінен (1,090) төмен. Ол тұрақты көрсеткештерінің бірі, 
бірақ кейбір физиологиялық және патологиялық жағдайларға байланысты өзгеруі мүмкін. 
Мәселен, адам бірнеше апта тауда болса, қан құрамында эритроциттер саны көбейіп молекула 
салмағы артады. Жаздың өте ыстық күндерінде адам қатты терлейді де, оның қаны қоюлап, 
салмағы артады. Қанның қоюлауы көбінесе ішек ауруында кездеседі. Науқас адам жиі-жиі құсса 
немесе оның іші өтсе қанда су мөлшері азаяды. Адам қансыраса, оның қан тамырлары тінаралық 
сүйықтыққа толып кетеді де қан сұюлайды, яғни оның молекула салмағы азаяды. 
Қанның келесі физикалық қасиеті оның - 
тұтқырлығы. 
Ол қан түйіршіктері мен плазмадағы, 
әсіресе ірі молекулалы заттардың денгейіне байланысты. Қан тұтқырлығы қанның қоюлауына не 
сұюлауына қарай әрдайым өзгеріп отырады. Қанның 5,1 тұтқырлығы әдетте судың 
тұтқырлығынан 4-5 есе артық. Плазманың тұтқырылығы 1,7-2,2. Қанның өте маңызды 
қасиеттерінің бірі - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет