Қан. Қан құрамы, қызметі. Қанның формалық элементтері, олардың қызметі, саны. Қан топтары, резус-фактор. Гемостаз Мазмұны



Pdf көрінісі
бет6/12
Дата02.12.2023
өлшемі362,23 Kb.
#131742
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Teams

гиперхромия 
деп, ал азайса 
гипохромия 
деп аталады. Гиперхромия кезінде эритроцит саны 
азайып, жеке эритроцит ұлғайып Нв-ге толады, қанның түс көрсеткіші = 1,4. Гипохромияда - 
эритроциттер саны қалыпты мөлшерде Нв азайып кетсе ҚТК-0,7 (қанның түс көрсеткіші). 
Нв-нің газдармен әрекеттесуі.
Нв көптеген газдармен тез әректтесіп, жаңа қосылыстар түзеді.
1.
Нв-нің О
2
-мен
әрекеттесуінен пайда болған қосындыны оксигемоглобин деп аталады. 
Оксигемоглобин тұрақсыз косылыс, тез ыдырап оттегіні бөліп шығарады. Құрамында окси Нв-ні 
көп болса қанның түсі - ашық қызыл келеді.Бұл артерия қанының түсі.
2. 
Карбо Нв.
НвСО
2
(көмір қышқыл) газбен қосылысы тұрақсыз. СО
2
-газы қанды күрең қызыл 
түске бояйды. Бұл вена қанның түсі.
3. 
Карбоокси Нв.
НвСО-Нв-нің иісті газбен СО қосылысы. Карбоокси Нв тұрақты қосылыс, бірақ 
ауада О2 көбейіп кетсе, ол ақырындап ыдырай бастайды. Сондықтан иіс тиген адамды тез таза 
ауаға шығарады, өйткені таза О
2
-мен дем алғанда, қандағы НвСО есе тезірек ыдырайды.
4. 
Мет Нв-н. 
НвОН Күшті тотықтырғыш заттардың азот тотығы, метил көгімен, калий 
перманганаты, анилин, бертолет тұзы, финацетин, пиримидон әсерінен Нв құрамындағы темірдің 
валенттілігі өзгереді, ол екі валенттен үш валентті болып өте тұрақты қосылыс құрайды. Темір 
атомы гидроксил тобымен қосылады. Тіндерге О

тасылуы тоқтайды. Мет Нв дереу емдеуді қажет 
ететін паталогиялық қосылыс.
Эритроциттердің тұну жылдамдығы. 
Ұю қасиетінен айырылған қанды Na ерітіндісін қосу 
арқылы пробиркаға құйып 1 сағат сақтаса қанның плазмасы бетіне шығады да, қан түйіршіктері 
пробирканың түбіне шөге бастайды. Эритроциттердің тұну жылдамдылығына қарай плазма 
қабатының қалыңдығы әр түрлі болады. Плазма қабатының биіктігі мм есебімен өлшенеді де 
эритроциттердің тұну жылдамдылығы анықталады. Ер адамда сағатына 1-10 мм, әйелдерде 2-15 
мм, жүкті әйелде 25-30 мм-ге дейін барады. Жаңа туған нәрестеде 0,3-2 мм/ сағатына. Денеде 
қабыну процесі болса ЭТЖ өседі. Қабыну процесінің күшейгенін не бәсеңдегенін білуге болады, 
сондықтан ауруханада науқас адамның ЭТЖ-сы бірнеше рет анықталады. Эритроциттердің тұнуы 
физикалық құбылыс. Мәселен, плазмаға қарағанда эритроциттердің меншікті салмағы жоғары, 
сондықтан да олар тез тұнады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет