Қан. Қан құрамы, қызметі. Қанның формалық элементтері, олардың қызметі, саны. Қан топтары, резус-фактор. Гемостаз Мазмұны



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата02.12.2023
өлшемі362,23 Kb.
#131742
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Салыстырмалы эритроцитоз 
бен эритроцитопения қан жасушалары мен плазманың аралық 
қатынасына байланысты, бұл қан қоюланғанда не сүйылғанда болатын өзгеріс. Сырқаттанған 
кезде болатын абсолюттік эритроцитоз - өкпе мен жүректің созылмалы ауруларға ұшырауының 
салдары не қан аурулары кезінде де болуы мүмкін. 
Салыстырмалы эритроцитоз
қанның сұйық бөлігі плазманың азаюынан болады. Сырқаттанған 
кезде пайда болатын салыстырмалы эритроцитоз да қанның қоюлауына байланысты. Мәселен 
қатты іш өткенде онымен бірге сыртқа көп мөлшерде су шығады кейде су дене қуыстарына 
жиналады. Осының салдарынан плазма көлемі азаяды да қан қоюлайды. Сау адамда әдетте 
абсолюттік эритроцитопения болмайды. Ол қаны азайған анемия науқас адамға тән. Анемия 
Тромбоциттер
Лейкоциттер
Эритроциттер
Құрғақ
зат


кезінде сүйек кемігінде эритроциттер түзілуі төмендейді не шала жетілген эритроциттер қанға 
шыға бастайды. Салыстырмалы эритроцитопения қанның сұюлауына байланысты. 
Эритроциттің құрылысы мен химиялық құрамы. 
Эритроцит - ядросы жоқ екі жағы ойыс келген дөңгелек жасуша.Жасуша ядросының орнын О
2
-іні 
тасылмалдайтын Нв жайлайды, ядросыз эритроцит өз денесіндегі заттарды тотықтыру үшін О

жұмсайды. Осыған байланысты оның оттегіні тасмалдау қызметі күшейеді. Денедегі сүйектен 
кейінгі ең тығыз жасуша - эритроцит. Сонда да эритроцит икемді, созылғыш, үлкен болғанымен, 
ол жіңішке капиллялар арқылы өте алады. 
Гемоглобин. (Нв) 
Эритроциттегі құрғақ заттардың көбі 90% Нв –нен ал қалғаны 10% басқа 
органикалық және бейорганикалық заттардан тұрады. Әрбір эритроцитте 300 млн-дай Нв 
молекуласы болады. Нв 1 молекула глобиннен және 4 гем молекуласынан тұрады. Ер адам 
қанында Нв 1л қанда 130-160г/л, әйелде 115-145г/л. Анемия - қанның азаю ауруы. Анемия кезінде 
қан өзгермейді бірақ оның ішіндегі эритроциттер саны мен Нв мөлшері көбейіп кетсе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет