Артериалдыпульс дегеніміз – қанның артериалды жүйеге айдалуы нәтижесінде артерия қан тамырлар қабырғаларының ырғақты қозғалуы.
Пульс сипаттамасы байланысты болады: 1. жүректің қанды айдау жылдамдығы мен көлеміне;
2. артерия қабырғасының күйіне (иілгіштігіне);
Тамыр соғуын анықтайтын орындар: 1.ұйқы артериясы,
2. шынтақ артериясы,
3. самай,
4.тізе асты,
5.сан,
6.табан бетіндегі артериялар.
Артериалды пульс әдетте шыбық артериясында анықталады.
Пульсті анықтағанда алынған көрсеткіштерді ауру тарихына немесе амбулаториялық картаға жазады. Температуралық парақта күн сайын қызыл қарындашпен "П" (пульс) деп белгілейді. Пульс бағанасында пульстің жиілігі минутына 50- ден 160-ға дейін көрсетілген.
Ырғағы- Бұл белгілі уақыт интервалынан соң пульс толқындарының қайталануы. Егер уақыт интервалы біркелкі болса -пульс ырғақты. Егер уақыт интервалы біркелкі болмаса - пульс
ырғағы дұрыс емес.
Жүрек ырғағының бұзылуы аритмия деп аталады.
Оның түрлері:
а) экстрасистолия - жүректің кезектен тыс жиырылуы.
э) аритмия – жүректің тәртіпсіз жиырылуы, соғу ырғақтылығының бұзылуы.
Жиілігі Бұл 1 минут ішіндегі пульс толқындарының саны қалыпты жағдайда минутына 60-80; 80-нен жоғары болуы- тахикардия, 60-тан төмен болса- брадикардия деп аталады. Тамыр соғуының жиілігі жүрек соғысына сәйкес келуі керек және ол адам жасына байланысты болады
• жаңа туылған нәрестеде 1 минутта 120-140 рет.
• 1-2 жасар сәбиде – 110-120 рет.
• 5-6 жаста – 100 рет шамасы.
• 10 жаста – 90 рет, 12-13 жаста 80-70 рет.
жеткіншектер мен үлкендерде 60-80 рет
Кернеулік- Бұл тамыр қабырғасына қанның басу күші.
Пульс толқынының өтуін толық тоқтатуда жұмсалатын күш деңгейімен анықталады. Ол қан қысымының өлшеміне тәуелді. Қан қысымы жоғарылағанда пульс қатты немесе кернеулі болады. Қан қысымы төмендегенде - пульс жұмсақ. Қалыпты кан қысымында - пульс орта кернеулі.
Толу- Бұл тамырлардың қанмен толуы. Жүректің айдау өлшемімен (яғни қан тамырларына айдалатын қан мөлшерімен) анықталады, систола кезінде жүректің жиырылу күшіне тәуелді және артерияға айдалған қанның көлемімен анықталады.
Толық пульс - жүрек жеткілікті қан айдағанда болады, ал айналымдағы қанның көлемі азайғанда немесе жүректің айдау көлемі төмендегенде (қан жоғалтқанда) - бос пульс байқалады.
анықталады.