Ќан жїйесі физиологиясы


-т а р а у. Қан айналым жүйесінің физиологиясы



бет19/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128
2-т а р а у. Қан айналым жүйесінің физиологиясы
Жүрек физиологиясы. Құс организмінде де қан айналымы сүт қоректілердегі сияқты үлкен және кіші шеңберлер бойымен жүреді. Қан тамырларындағы қан қозғалысын жүрек жұмысы қамтамасыз етеді.

Құстың жүрегі конус тәрізді 4 камералы етті мүше (1-сурет). Сырт жағынан ол жүрек қапшығымен – перикардпен қапталады. Жүрек көкірек қуысында, өкпелердің ортасында, сүт қоректілермен салыстырғанда сәл оңға және артқа ығыса орналасқан ағза. Оның салмағы тауықта 7-10 г, қазда 20-32 г, үйректе 10-15 г.






1- сурет. Құс жүрегі.

1- өкпе артериясы; 2- қолқа; 3- өкпе венасы; 4- сол жақ алдыңғы қуыс вена; 5- артқы қуыс вена; 6- оң жақ алдыңғы қуыс вена; 7- сол жақ және 8- оң жақ жүрекшелер;9- сол жақ және 10- оң жақ қарыншалар; 11- қақпақша; 12- қарыншааралық перде.





Жүректің негізгі қызметі – қанды қан тамырларына қуалап, кері сорып, қан қозғалысын қамтамасыз ету. Жүрек жұмысы жүрек етінің алма- кезек жиырылып (систола) және босаңсуы (диастола) нәтижесінде атқарылады. Систола жүрекшелерден басталады. Бұл кезде қарыншалар босаңсу жағдайында болады. Содан соң қарыншалар жиырылып, жүрекшелер босаңсиды. Одан әрі біршама уақыт жүрекшелер де, қарыншалар да босаңсу жағдайында – жалпы тынымда болады. Жүрек жұмысының бір систола, бір диастола және бір жалпы тынымды қамтитын мерзімін жүрек айналымы (циклы) дейді. Жүрек циклі құс түріне, оның физиологиялық күйіне, жасына, жүрек жұмысының жиілігіне байланысты өзгеріп отырады.

Құс жүрегі де сүт қоректілер жүрегі сияқты ырғақты жұмыс атқарады. Жүректің бұл қасиеті ондағы бейқалып элементтерден құралған өткізгіш жүйенің болуына байланысты. Жүректе қозу импульсі сино-атриальдық (синус) түйінде пайда болады. Осыдан бұл түйін 1- ші деңгейлі автоматия орталығы болып табылады. Одан әрі қозу толқыны жүрекше еттері арқылы таралады да, 2-ші деңгейлі автоматия орталығы болып табылатын атривентрикулярлық түйінге (Ашофф-Тавар түйініне) жетеді. Егер сино-атриальдық түйіннен келетін импульстерді арнайы әрекеттермен бөгеп тастаса (жіппен буып, мұздатып, уландырып) жүрек жұмысы алдымен тоқтап қалады да, бірнеше уақыттан соң атривентрикулярлық түйінде пайда болған импульстер әсерінен қарыншаның жиырылуы баяу ырғақпен қайта басталады. Демек, бұл түйінде де қозу импульсі пайда болады да, ол Гисс шоғыры, Гисс сабақтары және Пуркинье талшықтары арқылы қарынша еттеріне таралып, оның жұмысын жандандырады. Автоматия қасиеті Пуркинье талшықтарына да тән, бірақ ол нашарырақ дамыған. Қалыпты жағдайда жүрек синус түйінінде пайда болған импульстер әсерімен ғана жұмыс істейді де, басқа автоматия орталықтарының әрекеті байқалмайды. Синус түйінінде пайда болған күшті импульстер олардың әрекетін басып тастайды. Төменгі автоматия орталықтары синус түйіні істен шығып қалған жағдайда ғана әрекетке қосылады. Сонымен, өткізгіш жүйе жүректің өздігінен қозатын қасиетін – автоматияны қалыптастырады.



Жүрек етінің қозғыштығы – оның электрлік, механикалық, термиялық және химиялық тітіркендіргіштерге жауап беру қабылетімен сипатталады. Тітіркендіргіш күші табалдырықты деңгейге жеткенде қозу (ерекше физиологиялық белсенді күй) пайда болып, жүрек еті жиырылады. Қозған жүрек етінде әрекет потенциалы пайда болады. Жүректің соғуы жиілігінде әрекет потенциалының өшу мерзімі қысқарып, жүрек жұмысы сирегенде – ол ұзарады.

Қозу жағдайындағы жүрек уақытша қосымша, кезектен тыс әсер еткен тітіркендіргішке жауап беру қабілетінен айырылады. Мұндай қозғыштық қабылеттен айырылған күйді рефрактерлік деп атайды. Рефрактерліктің үш сатысы болады. Абсолютті рефрактерлік – систоламен сәйкес келеді. Бұл сатыда жүрек қандай да болмасын тітіркендіргішке жауап қайтармайды. Салыстырмалы рефрактерлік – диастоламен сәйкес келеді. Бұл сатыда жүректің қозғыштығы біртіндеп қалыпты деңгейіне оралады да, жүрек еті кезектен тыс күшті тітіркендіргіштерге жауап қайтарады. Ондай құбылысты экстрасистола дейді. Осы салыстырмалы рефрактерліктен кейін қысқа мерзімге жүректің қозғыштығы жоғарылайды – экзальтациялық саты туындайды.

Жүрек етінің жиырылғыштық қасиетінің қаңқа еттерімен салыстырғанда біршама ерекшеліктері бар. Жүрек етінде қозу және жиырылу процестері қаңқа етіне қарағанда ұзағырақ созылады, жүрек еті баяу жиырылады. Жүрек етіне тетанус (қарыса жиырылу) тән болмайды. Жүрек етінің жиырылу мерзімінің ұзақтығы әрекет потенциалының ұзақтығымен шектеледі. Жүректе макроэргиялық (мол қуатты) заттар (аденозинүшфосфат, креатинфосфат) ресинтезінің аэробты процесі басымырақ болады. Осыдан жүрек қаңқа етімен салыстырғанда оттегіні 10-20 есе көп пайдаланады.

Жүрек етіне өткізгіштік қасиет тән. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің әртүрлі бөлімдерінде бірдей болмайды. Жылы қанды жануарларда жүрекше миокардында қозу секундына 0,8-1,0, қарынша миокардында – 0,8-0,9, өткізгіш жүйе элементтерінде – 4 -5 метр жылдамдықпен тарайды.

Құстарда да электрокардиография әдісімен жүректегі биопотенциалдар тербелісін жазуға болады. Ол үшін 3 стандартты ток тарту әдісі қолданылады. Биопотенциалдар инелі электродтар көмегімен құстың қанаттары мен аяқтарынан тартылады. Қалыпты электрокардиограммада сүт қоретілерге тән кертпештер мен интервалдар байқалады.

Жүректің жиырылу жиілігі құстардың физиологиялық күйіне, жасына, түріне, жынысына байланысты өзгеріп отырады. Үй құстарында жүрек жұмысының жиілігі орта есеппен 200-400 аралығында болады. Тауықта жүрек минутына 320-340, қоразда 270-280, үйректе – 200, күрке тауықта -100, канарейкада -1000 рет соғады.

Құс салмағы мен жүрек жұмысының жиілігі арасында кері байланыс байқалады: салмақ артқан сайын жүректің жиырылу жиілігі азаяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет