Ќан жїйесі физиологиясы


Ішектің қимылы (моторлық қызметі)



бет35/128
Дата31.12.2021
өлшемі6,9 Mb.
#23273
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128
Байланысты:
Ќан жїйесі физиологиясы

Ішектің қимылы (моторлық қызметі). Құс ішегінде екі түрлі ғана қимыл – толқынды (перистальтикалық) және қарсы толқынды (антиперистальтикалық) орын алады. Ырғақты сегменттелу мен тербелмелі (маятник тәрізді) жиырылу құстардың ащы ішегінде байқалмайды.

Толқынды қимыл сақиналы және бойлама еттердің бірлескен жиырылуы нәтижесінде атқарылады. Бұл қимыл кезінде ішектің алдыңғы бөліміндегі аз ғана сегменті қысылады, іргелес артқы бөлімі босаңсиды. Осыдан химус ішектің қысылған бөлімінен кеңейген бөліміне өтіп, араласады да, біртіндеп артқы (аналь) тесігі бағытында жылжиды.

Қарсы толқынды қимыл дәл осы принциппен атқарылады, тек қимыл кері бағытталады. Құстарда қарсы толқынды қимыл ащы ішекте де, тоқ ішекте де орын алады. Осының нәтижесінде химус жақсы шайқалып, араласады, ішектің соңғы бөлімдерінен алдыңғы бөлімдеріне кері оралып, қоректік заттар дұрыс қорытылады, олардың ыдырау өнімдері толық сіңіріледі. Қарсы толқынды қимыл кезінде ащы ішек химусы қарынға өтіп кетуі мүмкін. Құстарда ішектің белгілі бөлімінде басталған толқынды қимыл қарсы толқынды қимылмен алмасып отырады.

Ішек қимылы түрлі механикалық және химиялық тітіркендіргіштердің (азық құрамындағы клетчатка, өт, ас қорыту сөлдерінің құрамындағы қышқылдар мен сілтілер, қоректік заттардың ыдырау өнімдері) кілегей қабықтың рецепторларына әсер етуінен туындайды. Ас қорыту орталығынан ішекке кезеген жүйке арқылы бағытталған импульстер ішек қимылын жандандырады. Симпатикалық жүйке ішек қимылдарын әлсіретеді және тежейді. Бүйрек үсті безінің бозғылт затының гормоны – адреналин, симпатикалық жүйке іспеттес әсер етеді.

Механикалық және химиялық тітіркенгіштер ішек қабырғасында орналасқан жүйке торшалары өрімдеріне (мейснер және ауэрбах) әсер етіп, ішек қимылының автоматты түрде атқарылуын қамтамасыз етеді.

Азық массасының ішек бойымен жылжу жылдамдығы көптеген факторларға байланысты: құстың түріне, жасына, физиологиялық күйіне, өнімділігіне, азықтандыру типіне т.с.с. Қарыннан алшақтаған сайын химустың жылжу жылдамдығы баяулай түседі де, ішектің соңғы бөлімінде ол өте мардымсыз болады.

Балапандар мен жұмыртқалайтын тауықтарда азық массасы ас қорыту жолынан 3-5 сағатта, жұмыртқаламайтын тауықтарда – 8 сағатта, ал жұмыртқа басқан тауықтарда - 12 сағатта өтіп шығады. Қаздарда химустың жылжу жылдамдығы жіңішке ішекте минутына 9,3 см, ащы ішекте - 9,5, тоқ ішекте - 1,33 см болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет