Астыртынқан кетулерді анықтау айқын қан кетулерге қарағанда анағұрлым күрделі. Астыртын қан кетулердегі жергілікті белгілерді 2 топқа бөледі: Аққан қанның орналасқан жерін табу; Жарақаттанған ағзалар қызметінің өзгеруін бағалау. Аққан қанның орналасқан жерін табу оның орналасқан қуысына байланысты. Гемоторакс — кеуденің тиісті жағындағы перкуссиялық дыбыстың тұйықталуымен, тыныстың әлсіреуімен, кеуде аралығының ығысуымен және тыныс жетіспеушілік құбылыстарымен көрініс береді. Гемоперитонеум кезінде іш кебуі, іш қабырғасы жұмсақ болса да іш пердесінің тітіркену белгілері және іш қуысының төменгі жақтарында перкуссиялық дыбыстың тұйықталуы байқалады. Гемартрозда — буын көлемі ұлғаяды, буындағы қозғалыс күрт шектеліп, қозғалыс ауырсыну сезімін тудырады. Үлпершекте қан жиналуы (гемоперикард), миға қан құйылуы немесе субдуральдық гематома жоғалтқан қан мөлшері аз болғанмен, өмірлік маңызды ағзалалар қызметінің бұзылуымен қауіпті. Мысалы, жүрек тампонадасы мен неврологиялық асқынулар (мидың қысылуы).
Арнаулы зерттеу әдістері. Бұл әдістер ішінде маңыздылары мыналар:
Арнаулы зерттеу әдістері. Бұл әдістер ішінде маңыздылары мыналар:
Ангиография ( бұл әдіс сирек қолданылады, өйткені күрделі әдістердің біріне жатады, қан кету қарқыны мардымсыз болған кезде және қан тамырының жарақатының сипаты белгісіз болған кезде қолданылады.
Ультрадыбыспен тексеру
Компьютерлік томография, магнитті-ядролық резонанстық томография, магнитті-резонанстық томография. Бұл аталған әдістердің барлығы да қанның құйылған жерін анықтауға бағытталған әдістер.
Қан кетудің классикалық симптомдары:
Қан кетудің классикалық симптомдары:
Шағымдары:
әлсіздік;
бас айналуы, отырған немесе түрегелген кезде;
көз қарауытады, көз алдында «шіркейлер» елестейді;