Ана сүті "Қыз ұзату" салты кезінде құдалар тарапынан әкелінетін ең басты, жолы бөлек кәде сыйды "сүт ақы" дейді. Оны "ана сүті" деп те атайды. Яғни, келген құдалар қыздың анасына "сүт ақысын" төлейді


Бұл қыздың анасына тартылатын сыйлық. Бұған анасы бата береді



бет5/6
Дата16.05.2023
өлшемі20,64 Kb.
#93278
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ырымдар

Бұл қыздың анасына тартылатын сыйлық. Бұған анасы бата береді.


Өлі тірі
«Өлі тірі» (дәтүр). Екі жақ келісімі нығайған соң күйеу жағынан құдаларына бір білікті адамды бас етіп «өлі тірі» яғни кәделі мал жылқы жіберіледі. «Өлі тірі» деген өлі мен тірі арасында адалмыз, құдай қосқан құдалығымыз ақиқат» деген ұлттық ұлағатты ұғымды білдіреді. Бұл үлкен кәделі әрі маңызы жол жоралғы, құдалық бекіді деген сөз. «Өлі тірі өткен соң өлген күеу жатпайды» деп бұдан кейін күйеу қалыңдығына «ұрын» баруына жол ашылады.
Беташар
Беташар(дәстүр). «Уә әлеумет! Енді беташар тыңдайық!». Жаңа түскен келінді «беташар» дәстүрі жасалмай ешкім көре алмайды. Оны көру үшін әдейі «беташар» жасалады. Оған тойға жиналған туыс туғандар тегіс қатынасады. Жас келіннің екі жағында екі көргенді келіндері тұрады. Мұнда «Беташар» жыры айтыла отырып, келінге оның атасы, енесі, оның басқа туыстары таныстырылып, келін оларға сәлем жасайды. Сәлем жасаған адамдар «көрімдік» береді. Бет ашатын жігіт ән жырды желдірте, көңілді көтере жыр төгуі керек.
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Анау мынау демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз,
деп бастаған әнші жігіт жас келіннің аталған жақындарына лайық әзіл қалжыңдарын араластыра «көрімдік» сұрап, жұртты көңілді күлкіге қарқ қылады. «Беташар» тойдың басы әрі сәні, жас келіннің жаңа өмірге бет алғанын білдіретін қызықты, салтанатты, ажарлы дәстүрлердің бірі. Осы заманғы үлгісі деп Қазақстан Республикасының халық ақыны Қонысбай Әбілевтің Торғай жерінде Жасұлан мен Ұлбосынның үйлену тойындағы беташарын беріп отырмыз.
Құлағың сал көпшілік,
Домбыраны қолға алып.
Тереңінен жүректің,
Тебірене толғанып.
Беташарға қам жасап,
Әсем жырды толғалық,
Қадам басты екі жас
Ақ тілекті жолға анық.
Атасы мен анасы,
Айналады толғанып.
Той тамаша басталды:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет