Кристалдар.Өзінің формасын да, көлемін де сақтайтын затты қатты дене деп атайтынымыз белгілі. Бірақ бұлар заттың қатты күйін тек сыртқы түріне қарап қана сипаттайды. Физикалық тұрғыдан алғанда біз бұл белгілеріне қарап қатты күйді сұйық күйден айыра алмаймыз.
Қатты денелерді зерттеген кезде табиғатта олардың белгілі бұрыштармен орналасқан жазық беттерінің болатыны, кей жағдайларда олардың дұрыс көпбұрыштар түрінде кездесетіні белгілі. Мұндай қатты денелерді монокристалдардеп атайды(грек.моно-бір).Көпшілігінде монокристалдардың мөлшерлері өте кішкентай, әйтсе де олардың арасында үлкендері де бар,мысалы тау хрусталының кейбір монокристалының өлшемі адам бойымен теңеседі.
Кристалдардың ішкі құрылысын рентген сәулелерінің көмегімен зерттеулер олардағы бөлшектердің(молекулалар, атомдар және иондардың) дұрыс орналасатынын көрсетті, яғни олар кристалдық (кеңістіктік) тор түзеді. Кристалдық тордағы қатты дененің бөлшектерінің ең орнықты тепе-теңдік қалпына сәйкес нүктелері тордың түйіндері деп аталады. Тордың түйіндері дұрыс орналасып, кристалл ішінде периодты түрде қайталанып отырады.Бөлшектердің кристалдық тор түйіндерінде дұрыс орналасуы алыс реттілікдеп аталады.
Физикада қатты денелер деп кристалдық құрылымы бар денелер ғана аталады.Басқаша айтқанда, қатты дене бөлшектерінің орналасуында алыс реттілік болу керек. Кеңістіктік тор.Кристалдағы бөлшектердің дұрыс орналасуынан кристалдардың кейбір қасиеттерінің бағытқа тәуелділігі, яғни анизотропиясышығады.
Анизотропия қасиетәнәі тек монокристалдарға ғана тән болатынын тағы да айта кетейік. Қатты денелердің көпшілігінің құрылымы поликристалды (грек. поли-көп), яғни микроскоппен ғана көруге болатын өте ұсақ кристалдардың жиынтығынан тұрады. Бұл шағын кристалдардың бір-біріне қатысты хаосты орналасуынан қатты дене тұтастай алғанда изотропты, яғни жеке шағын кристалдардың анизотропиясы болса да, дененің барлық бағыттардағы қасиеттері бірдей. Аморфты денелер де изотропты, себебі олардың кеңістік торы жоқ. Поликристалды денелер мен аморфты денелердің айырмашылығы мынада: поликристалдық дененің анизотропия байқалатын өте кішкентай бөлігін бөліп алуға болады, ал аморфты денелердің кез келген бөлігін қарастырсақ та, ол әрқашан изотропты.