Аналитикалық химия


ж) І аналитикалық топтың катиондарын ашу



бет39/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47
ж) І аналитикалық топтың катиондарын ашу. Топтық реагенті жоқ І топ катиондарын бөлшектік әдіспен бастапқы анализденетін ерітіндінің немесе ІІ және ІІІ топтар катиондарын бөлгеннен кейін алынған ерітіндінің жекелеген шағын бөліктерінде ашады.
4 АНИОНДАР АНАЛИЗІ
Ерітіндіден аниондарды кезекпен бөліп алу мүмкін емес, себебі аниондарды аналитикалық топтарға мөлшерлі бөлетін реактив жоқ. Көп жағдайда аниондарды анализдеу кезінде олар бір-біріне кедергі жасамайды. Сондықтан оларды бөлшектік әдіспен табады, яғни зерттелетін ерітіндінің жеке бөліктерінен. Жүйелік анализге ең күрделі жағдайларда, мысалы, ерітіндідегі анион-тотықсыздандырғыш немесе тотықтырғыш болған жағдайда ғана жүгінеді. Осыған орай аниондарды анықтауда реагенттер оларды топқа бөлуге ғана пайдаланылмай, сол топтардың бар жоғын анықтауға да колданылады.
І АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

І топтағы барлық аниондар SO42-, SO32-, S2O3 2-, CO32-, SiO3 2-, PO43- суда ерімейтін, бірақ сұйытылған қышқылдарда (барий сульфатын қоспағанда) еритін барий тұздарын түзеді. Сондықтан І топтың топтық реагенті нейтрал немесе әлсіз сілтілік ерітіндідегі барий хлориді болып табылады. І топ аниондарының күміс тұздары ІІ топқа қарағанда сұйытылған қышқылдарда ериді, ал күміс сульфаты тіпті суда ериді. Күкірт қышқылы тұздарының көпшілігі суда жақсы ериді. І топтағы барлық аниондар ерітіндіде түссіз болып табылады.


І топ аниондарының реакциялары



Реагент

Аниондар

SO42-

SO32-

S2O3 2-

CO32-

PO43-

SiO3 2-

BаCl2
нейтрал ортада

BaSО4 ақ тұнба

ВаSО3 ақ тұнба

ВаS2О3
ақ тұнба

BaCО3 ақ тұнба

BaHPО4
ақ тұнба

ВаSiО3
ақ тұнба

Барий тұздарының НСl-ға қатынасы

Ерімейді

Ериді
↑SO2

Ериді SО2+S↓

Ериді
↑CО2

Ериді



Ыдырайды
Н2SiO3(гель)

АgNО3

Ag24
ақ тұнба

Аg23
ақ тұнба

Аg2S2О3
ақ тұнба

Аg2СО3
ақ тұнба

АgЗР04
сары тұнба

Аg2SiO3 сары тұнба

қышқылдар

-

↑SO2

↑SО2+ S↓

-

-

Н2SiO3 ақ тұнба

Магнезиалды қоспа

-

-

-

-

MgNH4PO4

МgSiO3
ақ

Молибден сұйығы

-

-

-

-

(NH4)24
•12МоО3•6Н

(NH4)2SiO3• 12МоО3•6Н

тотықтырғыштар

-

түссіз

түссіз

-

-

-

Аммоний тұздары

-

-

-

-

-

Н2SiO3
(гель)

SrCl2

-

SrSO3

-

-

-

-

Фуксин

-

түссіз

-

-

-

-

16 зертханалық жұмыс


І АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
SO42-, SO32-, S2O3 2-, CO32-, SiO32-, PO43-


Сульфат SO42– иондарының реакциялары
1. Барий хлориді әсерінен SO42– ақ түсті қышқылдарда іс жүзінде ерімейтін BaSO4 кристалдары тұнбаға түседі:


Na2SO4+ BaCl2→ BaSO4↓+ 2 NaCl
Ba2+ + SO42– → BaSO4↓.
Тұнба концентрлі Н2SO4 –да ериді:
BaSO4 + Н2SO4 → Ba(НSO4)2.


Реакцияны орындау: 2-3 тамшы сульфат ионы бар тұзға бірнеше тамшы 2М HCl, 1-2 тамшы BaCl2 ерітіндісін қосады.


Сульфит SO32– иондарын анықтау реакциялары
1. Минералды қышқылдар сульфиттерді ыдыратады

SO32– + 2H+ → SО2↑ + H2O,


SrSO3 + 2H+ → Sr2+ + SО2↑ + H2O


2. Барий хлориді сульфит ионымен ақ тұнба түзеді, алынған тұнба қышқылдарда ериді:
Na2SO3+ BaCl2→ BaSO3↓+ 2 NaCl


3. SO32– ионын ашу үшін SO42– ионына дейін тотығу реакциясы
Зерттелетін ерітіндіге BaCl2 қосады, түзілген ақ тұнбаны BaSO3 сұйытылған HCl-да ерітіп, хлор суын қосып, қыздырады. Біраз уақыттан сон ақ тұнба BaSO4 түзіледі, ол HCl-да ерімейді.


BaSO3↓+ НCl + Cl2 → BaSO4↓+ 3НCl


Тиосульфат S2O32– иондарды анықтау реакциялары
1. Қышқылдар тиосульфатты тиокүкірт қышқылына ыдыратады, ол SО2 және S түзіп ыдырайды:
S2O32– + 2H+  H2S2O3; Н2S2O3 → S↓ + SO2↑+ Н2O


2. Күміс нитратының әсері
Артық мөлшерде қосылған күміс нитраты тиосульфат иондарымен ақ тұнба Ag2S2O3 береді, ол тез арада сарғайып, сосын қоюланып, күміс сульфидіне айналу нәтижесінде қара түске ауысады:


Na2S2O3 + 2AgNO3 → Ag2S2O3↓ + 2NaNO3
Ag2S2O3 + 2H2O → Ag2S↓ + H24


Реакцияны орындау: 2-3 тамшы S2O32– ион тұзына 3-5 тамшы AgNO3, қосып, қыздырып, араластырады.


Карбонат СO32– иондарды анықтау реакциялары
1. Минералды қышқылдар карбонатпен және гидрокарбонатпен СО2 түзіп әрекеттеседі.
Аналитикалық әсер СО2 газ көпіршіктердің бөлінуі:


Na2СO3↓+ 2НCl → 2NaCl + СО2↑ + H2O
CO32– + 2Н+  СО2↑ + H2O

Түзілген СО2 ізбес немесе барит суын лайландырады:


СО2 + Са(ОН)2 → CaCO3↓+ Н2О.


СО2 жоғары концентрациясында лайлану жоғалады:


СаСО3 + СО2 + Н2О  Са2+ + 2НСО3


Силикат SiO32- иондарды анықтау реакциялары
1. Барий хлориді силикат ионымен ақ тұнба түзеді, алынған тұнба қышқылдарда ериді:
BaCl2 + Na2SiO3 → BaSiO3↓+ 2NaCl


2. Сұйытылған қышқылдар силикаттардың концентрлі ерітіндісімен ақ гель тәрізді тұнба түзеді:


2HCl + Na2SiO3 → H2SiO3↓+ 2NaCl
2H+ + SiO32- → H2SiO3

Егер суық ерітіндіде түзілмесе, ерітіндіні аздап қыздыру керек.


3. Аммоний тұздарымен реакция
Силикат-ионға аммоний тұдарымен әсер еткенде тұнбаға кремний қышқылы түседі, себебі натрий силикаты гидролизге ұшырайды, гидролиз нәтижесінде түзілген ОН- – иондарын аммоний NH4+ иондары байланыстырады:

SiO32- + 2Н2O + 2NH4+ = H2SiO3 + 2NH4OH




Реакцияның орындалуы: 4-5 тамшы натрий силикатының Na2SiO3 ерітіндісіне 4-5 тамшы дистильденген су құяды, 2-3 кристалл аммоний хлоридін NH4Cl қосып, қыздырады. Сонда кремний қышқылының іркілдек ақ түсті тұнбасы түзіледі.


Ортофосфат РO43– иондарды анықтау реакциялары
1. Магнезиалді қоспа (ерітінді құрамы MgCl2, NH3, NH4Cl) әсері
Магнезиалді қоспа PO43– және НPO42– иондарымен ақ кристалды тұнба MgNH4PO4 түзеді, аммиакта ерімейді, бірақ НС1 және СН3СООН ериді.

PO43– + Mg2+ + NH4+ → MgNH4PO4


НPO42– + Mg2+ + NH3 → MgNH4PO4


Реакцияны орындау: 2-3 тамшы фосфат ионы бар ерітіндіге 4-5 тамшы магнезиалды қоспа қосып, араластырады. Ақ кристалды тұнба түзіледі, ол НС1 және СН3СООН ерітінділерінде ериді, бірақ аммиакта ерімейді.
2. Молибден сұйығының әсері
Молибден сұйығының әсерінен аммоний фосформолибдатына сәйкес келетін кристалды сары тұнба түседі:

Н3PO4 + 12(NH4)МоО4 + НNO3 → (NH4)3[PМо12О40 ] ↓+ 12Н2O+ 21NH43




Реакцияны орындау: 2-3 тамшы фосфат ионы бар ерітіндіге 8-10 тамшы молибден сұйығын қосып, қыздырады.
17 зертханалық жұмыс


І АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ
ҚОСПАСЫН АНАЛИЗДЕУ

Алдымен қоспада I топ аниондарының болуын анықтайды. Ол үшін 3-5 тамшы зерттелетін ерітіндіге (рН 7 – 9 болу керек) 5-7 тамшы 0,5Н BaCl2 ерітіндісін қосады. Ақ түсті тұнбаның түзілуі I топ аниондарының бар екенін көрсетеді.


Сульфат SO42– иондарын анықтау.
4-5 тамшы зерттелетін ерітіндіге 6-7 тамшы 2М HNO3, 3-4 тамшы 2Н BaCl2 ерітіндісін қосады. Тұнба түзілсе, ерітіндіде сульфат-иондрының бар болғаны.
Сульфит SO32– иондарын анықтау.
Пробиркаға 4-5 тамшы зерттелетін ерітінді құйып, үстіне 2-3 тамшы HCl ерітіндісін қосады. Нихром сымының ұшын (6.5 сурет) крахмалмен көк түске боялған йодқа батырып, нихром сымын пробирка аузына жақындатып, пробирканы қыздырады. Егер ерітіндіде сульфит-ион бар болса, көк тамшы түссізденуі керек.
Карбонат СO32– иондарды анықтау.
Егер ерітіндіде сульфит-ион табылса, оны алдын-ала сульфат-ионға дейін тотықтырады, ол үшін ерітіндіге 4-5 тамшы сутек пероксидін қосып, қыздырады. Сонан соң ерітіндіге 6-8 тамшы 2Н HCl қосып, бөлінген газды ізбес суы арқылы өткізеді. Егер ізбес суы лайланса, ерітіндіде карбонат-ион бар болғаны.





6.5 сурет - Нихром сымы



Силикат SiO32- иондарды анықтау.
4-5 тамшы зерттелетін ерітіндіге 4-5 тамшы дистильденген су құяды, 2-3 кристалл аммоний хлоридін NH4Cl қосып, қыздырады. Сонда кремний қышқылының іркілдек ақ түсті тұнбасы түзілсе, ерітіндіде силикат-ионның бар болғаны.
Ортофосфат РO43– иондарды анықтау.
7-8 тамшы аммоний молибдатына (NH4)МоО4 6-7 тамшы 6Н азот қышқылын НNO3 қосады. Алынған ерітіндіге 5-6 тамшы зерттелетін ерітінді қосып, біраз қыздырады. Ерітіндіде фосфат-ион болса, сары тұнба аммоний молибдофосфаты түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет