Ацетат CH3COO- ионын анықтау реакциялары
1. Концентрлі H2SО4 әсері
Концентрлі H2SО4 ацетат-ионмен реакцияласып, сірке қышқылын түзеді:
2CH3COONa + H2SО4 = 2CH3COOН + Na2SО4
Түзілген сірке қышқылын иісі бойынша анықтайды.
2. FeCl3 әсері
FeCl3 әсерінен ацетат-ион қызыл-қоңыр түсті темір (ІІІ) ацетаты Fe(CH3COO)3
түзіледі:
3CH3COONa + FeCl3 = Fe(CH3COO)3 + 3NaCl
3. Спирттер әсері
Спирттер әсерінен күрделі эфирлер түзіледі, оларды иісі бойынша анықтайды:
2CH3COONa + H2SО4 = 2CH3COOН + Na2SО4
CH3COOН + C5H11OH = CH3COO C5H11 + H2O
Реакцияның орындалуы: Бірнеше тамшы ацетат ерітіндісіне 3-4 тамшы концентрлі және сонша амил спиртін қосып, су моншасында қыздырады. Сонан соң проиркадағы ерітіндіні суық суы бар стаканға құю керек. Сонда амилацетаттың (алмұрт эссенциясының) иісі сезіледі. Амил спиртін артық мөлшерде қосуға болмайды, себебі оның өткір иісі бар, түзілген амилацетаттың иісін сезуге кедергі жасайды.
№20 зертханалық жұмыс
II, III ТОП АНИОНДАР ҚОСПАСЫНЫҢ АНАЛИЗІ
II топ аниондарын анықтау. Зерттелетін ерітіндінің 2–3 тамшысын 2 тамшы 2М HNO3 ерітіндісімен қышқылдандырады, AgNO3 ерітіндісінің бір тамшысын қосады. Тұнбаның түзілуі ІІ топ аниондарының бар екенін көрсетеді. Егер тұнба түсі қара болса, онда ерітіндіде сульфид-иондар бар екенін көрсетеді. Тұнбаның толық тұндырып, центрифугалап, тұнбаны дистильденген сумен шаяды.
Достарыңызбен бөлісу: |