Аналитикалық химия



бет2/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Қауіпсіздік ережелері

1. Реактивтердің көпшілігі улы заттар болғандықтан, барлық қолданылатын реактивтерді "улы зат" деп сақтану керек


2. Ұнамсыз иісі бар немесе улы заттармен тәжірибелерді, қышқылдар мен қышқыл ерітінділерді буландыруды тартқыш шкаф ішінде орындау керек.
3. Тез от алатын заттармен (органикалық заттар) тәжірибелер от көзінен аулақ жерде орындалады.
4. Сілтілік металдармен жұмыс істегенде оларға су тигізуге болмайды, сактағанда минерал майларға немесе керосинге салып сақтайды.
5. Тамшылары бетке тимес үшін, қыздырып жатқан сұйықтың немесе балқытып жатқан заттардың үстіне еңкеюге болмайды.
6. Заттарды иіскегенде, сұйықтың буын немесе газды мұрынға қарай қолмен сермеп иіскеу керек. Күшті уларды (мышьякты немесе фторлы сутекті) жалпы иіскеуге болмайды.
7. Кристалл түріндегі сілтілермен жұмыс істегенде (үлкен кесектерін үгіткенде, балқытатын қоспаларды дайындағанда) қорғауыш көзілдірік киіп, сілтіні тек пинцетпен алу керек.
8. Концентрлі қышқылдарды сұйылтқанда, әсіресе күкірт қышқылын, қышқылды ептеп суға құяды, керісінше жасауға болмайды.
9. Зертханада тамақ ішуге, химиялық ыдыстармен су ішуге, реактивтердін дәмін көруге, реактивтерді лабораториядан шығаруға болмайды.
10. Көпшіліктің пайдалануына арналған аспаптарды, ыдыстарды, реактивтерді өз жұмыс орнына әкетуге болмайды. Жұмыс кезінде пайдаланған әрбір нәрсені, реактивті бұрынғы орнына қою қажет.
11. Пробирканы қыздырғанда қысқышты пробирканың аузына таяу бекітеді. Пробиркада сұйық көп болса, алдымен пробирканы толық жылытып алып, одан кейін төменгі жағын қыздыру керек. Сұйықтық аз болса, пробирканың төменгі жартысын жылытып алып, одан кейін тек сұйықтықты шайқап қыздырады. Жалынға еңгізгенде пробирканың сырты құрғақ болу керек. Қыздырған кезде пробирканың аузы ешкім жоқ жаққа бағытталады.
12. Сынаппен жұмыс арнайы ыдыстың үстінде орындалады.


Жедел көмек көрсету
1. Концентрлі қышқыл тиген жерді судың көп мөлшерімен дереу жуып, мақтаны таниннің спирттегі ерітіндісімен немесе 3% калий перманганатының ерітіндісімен сулап, байлап тастайды. Қатты күйгенде дәрігерге бару керек.
2. Сілті тиген жерді судың көп мөлшерімен жуып (сабындалуы яқталғанша), таниннің немесе 3% калий перманганатының ерітіндісіне салынған мақтамен орайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет