Аналитикалық химия


Кейбір реагенттердің III аналитикалық топ катиондарына әсері



бет10/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Кейбір реагенттердің III аналитикалық топ катиондарына әсері



Реагент

Катион

Ва2+

Sr2+

Ca2+

H2SO4

BaSO4 ақ тұнба, қышқылдар мен сілтілерде ерімейді

SrSO4 ақ тұнба, қышқылдар мен сілтілерде ерімейді

CaSO4 ақ тұнба,суда аздап ериді, Концентрлі (NH4)2SO4 ерітіндісінде ериді

CaSO4 қаныққан ерітіндісі
(гипс суы)

BaSO4 ақ тұнба, тез түзіледі

SrSO4 ақ тұнба, қыздырғанда біртіндеп түзіледі

_____

Na2CO3, K2CO3, (NH4)2CO3

ВаСО3 ақ тұнба, күшті қышқылдар мен сірке қышқылында ериді

SrCO3 ақ тұнба, күшті қышқылдар мен сірке қышқылында ериді

СаСО3 ақ тұнба, күшті қышқылдар мен сірке қышқылында ериді

K2CrO4

BaCrO4 сары тұнба, күшті қышқылдарда ериді, сірке қышқылында ерімейді

SrCrO4 сары тұнба, күшті қышқылдар мен сірке қышқылында ериді

_____

(NH4)2C2O4

BaC2O4 ақ тұнба, күшті қышқылдарда ериді, сірке қышқылында ерімейді

SrC2O4 ақ тұнба, күшті қышқылдарда ериді, сірке қышқылында ерімейді

CaC2O4 ақ тұнба, күшті қышқылдарда ериді, сірке қышқылында ерімейді

5 зертханалық жұмыс




ІІІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Ba2+, Sr2+, Ca2+


Ba2+ иондарының реакциялары

  1. Топтық реагентпен реакция:


BaCl2 +H2SO4 = BaSO4↓ + 2HCl


2. Хром қышқылының тұздарымен реакция:
BaCl2 + K2CrO4 → BaCrO4↓ + 2KCl

Сары кристалдық тұнба түзіледі, тұнба азот және тұз қышқылдарында ериді:


BaCrO4 + 2HCl → BaCl2 + H2CrO4


BaCrO4 + 2HNO3 → Ba(NO3)2 + H2CrO4


Күкірт қышқылында барий хроматының сары тұнбасы ақ түсті барий сульфатына айналады:


BaCrO4+H2SO4→BaSO4↓+ H2CrO4


Сірке қышқылында және басқа әлсіз қышқылдарда тұнба ерімейді.


Барий тұзы дихром қышқылының тұздарымен де барий хроматын түзеді:

2BaCl2 + K2Cr2O7 + H2O → 2BaCrO4↓ + 2KCl + 2HCl


Бұл реакция нәтижесінде тұз қышқылы түзіледі, ол тұнбаны аздап ерітеді, сондықтан дихроматтан барий хроматы толық тұнбайды. Сондықтан толық тұндыру үшін реакцияны сірке қышқылы қатысында жүргізеді, сонда сірке қышқылы түзіледі, онда барий хроматы ерімейді:


CH3COONa + HCl → CH3COOH + NaCl


Стронций және кальций иондары дихроматпен тұнба түзбейді, себебі олардың хроматтары түзілетін тұз қышқылында да, сірке қышқылында да еріп кетеді.


2. Қымыздық қышқылының тұздарымен реакция:

BaCl2 + (NH4)2C2O4 → BaC2O4↓ + NH4Cl


Барий оксалаты – ақ кристалдық тұнба түзіледі, ол тұз қышқылы мен азот қышқылында ериді, ал қыздырғанда концентрлі сірке қышқылында ериді.


3. Карбонаттармен реакция:

BaCl2 + (NH4)2CO3 → BaCO3↓ + NH4Cl


Ақ аморфты тұнба түзіледі, қыздырғанда кристалдық күйге ауысады, ол тұз қышқылы, азот қышқылында, сірке қышқылында ериді.


4. Натрий моногидрофосфатымен реакция:

BaCl2 + Na2HPO4 → BaHPO4↓ + 2NaCl


ақ кристалдық тұнба түзіледі, ол тұз қышқылы, азот қышқылында, сірке қышқылында ериді.


5. Гипс суымен реакция:

BaCl2+CaSO4→ BaSO4↓+CaCl2


Ақ түсті барий сульфаты түзіледі.


6. Натрий родизонатымен реакция:
Фильтр қағазына 1 тамшы барий тұзы мен 1 тамшы натрий родизонатын тамызғанда, қызыл-қоңыр түсті барий родизонатын түзеді:





Ал 1 тамшы тұз қышқылын тамызғанда қызыл түсті барий гидрородизонаты түзіледі:







K2CrO4 қатысында барий родизонаты түзілмейді. Бұл реакция барий ионына ерекше реакция болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет