Аналитикалық химия



бет9/47
Дата09.06.2023
өлшемі1,06 Mb.
#100122
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47
Байланысты:
Ах сапалық му к лабор

Реакцияның орындалуы: Ерітіндінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы калий хроматының немесе дихроматының ерітіндісін қосып, тұнба түзілгенін байқап көру.
4 зертханалық жұмыс


ІІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫН ЖҮЙЕЛІК АНАЛИЗДЕУ

ІІ топ катиондарының қоспасының жүйелік анализі хлорид тұнбасы әр түрлі қасиетіне негізделген.


PbCl2 ыстық суда ериді. AgCl еріту үшін NH4OH қажет:

AgCl + 2NH4OH ↔ [Ag(NH3)2]Cl + 2H2O


Hg2Cl2 аммиакта ерімейді, бірақ реакцияласады:


Hg2Cl2 + 2NH4OH ⇄ NH2Hg2Cl↓ + NH4Cl + 2H2O


ақ тұнба
NH2Hg2Cl↓ ⇄ NH2HgCl↓ + Hg↓
ақ тұнба қара тұнба
Зерттеу сатылары
1. Топтық реагенттің 2М НСl әсерінен ақ тұнба (№1) түзеді:

Ag+ + Cl- = AgCl↓


Pb2+ + 2Cl- = PbCl2
Hg22+ + 2Cl- = Hg2Cl2

Тұнбаны НСl қосылған сумен шаю.


2. №1 тұнбаны ыстық сумен шайып, Pb2+ ионын центрифугамен бөліп алу:

PbCl2↓ = Pb2+ + 2Cl - №2 центрифугат


3. №2 центрифугатта Pb2+ ионын К2СгO4 немесе КI көмегімен анықтау:


Pb 2+ + СгО42- = РЬСгО4


Pb 2+ + 2I- = PbI2

4. №1 тұнбаға NН3 әсер етіп, Ag+ ионын ерітіндіге центрифугамен бөліп алу:


AgCl ↓ + 2NН3 = [Ag( NН3)2]Cl №3 центрифугат


Hg2Cl2↓ + NН3 = НgNН2Cl↓ + Hg ↓ тұнба №2

5. №3 центрифугатта Ag+ ионын конц. HNO3 қосып анықтау:


[Ag( NН3)2]Cl + 2HNO3 = AgCl↓ + 2NН4NO3


ІІІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

ІІІ топқа Ca2+, Ba2+, Sr2+ катиондары кіреді. Топтық реагенті сұйытылған күкірт қышқылы. Бұл катиондар күкірт қышқылымен және оныі тұздарымен сульфаттар тұнбасын түзеді. Барий және стронций сульфаттары суда іс жүзінде ерімейді, ал кальций сульфаты суда нашар ериді.


Бұл катиондардың фосфаттары, сульфиттері және карбонаттары суда ерімейді. Ал нитраттары, хлоридтері, бромидтері, гидрокарбонаттары суда жақсы ериді. Гидроксидтерінің суда ерігіштігі төмен. Кальций, барий, стронций катиондары ерітіндіде түссіз, ал тұздарының түсі анионына байланысты.
Катиондар топтық реагент сұйытылған күкірт қышқылымен сульфаттардың ақ кристалдық тұнбаларын түзеді:

Ca2+ + SO42- = CaSO4


Ba2+ + SO42- = BaSO4
Sr2+ + SO42- = SrSO4

Барий сульфатының ерігіштігі ең төмен. Стронций мен кальций сульфаттарының, әсіресе, кальций сульфатының ерігіштігі жоғарылау. Сондықтан барий сульфаты қте тез түзіледі, стронций сульфаты біраз уақыт тұрғанан кейін түзіледі. Ал кальций сульфаты тек концентрлі ерітінділерден тұнады. Кальций сульфаты концентрлі ерітінді түзе алғандықтан ол барий және стронций иондарына реагент бола алады:


CaSO4 + BaCl2 = BaSO4↓+ CaCl2


CaSO4 + SrCl2 = SrSO4↓ + CaCl2

Стронций сульфатының концентрлі ерітіндісі барий ионына реагент болады:


SrSO4↓ + BaCl2 = BaSO4↓ + SrCl2


ІІІ топ катиондары сульфаттарының бұл ерекшелігі оларың ерігіштік көбейтіндісінің айырмашылығына байланысты (ЕК(BaSO4) = 1,1•10-10; ЕК(SrSO4) = 2,8•10-7; ЕК(SrSO4) = 6,1•10-5).


ІІІ топ катиондары сульфаттары қышқылдар мен сілтілерде ерімейді, ал кальций сульфаты аммоний сульфатында (NH4)2SO4 комплекс түзе ериді:

CaSO4 + (NH4)2SO4 = (NH4)2[Ca(SO4)2]


Бұл реакцияны кальций ионын басқалардан бөліп алу үшін пайдаланады. Кальций сульфатын сулы-спиртті ерітіндіден тұнбаға түсірген жөн, сонда оның ерігіштігі төмендейді.


ІІІ топ катиондарының сульфаттары қышқылдарда ерімейді, сондықтан оларды алдымен карбонаттарға айналдырып барып, ерітеді. Ол үшін сульфатар тұнбасын қыздыра отырып, Na2CO3 ерітінідісімен өңдейді:

BaSO4 + Na2CO3 = BaCO3↓ + Na2SO4


CaSO4 + Na2CO3 = CaCO3↓ + Na2SO4
SrSO4 + Na2CO3 = SrCO3↓ + Na2SO4

Түзілген карбонаттар қышқылдарда ериді:


BaCO3 + 2HCl = BaCl2+H2O+CO2


CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2
SrCO3 + 2HCl = SrCl2 + H2O + CO2




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет