Бугер-Ламберт және Беер заңдарын біріктіріп. жарық сіңірудің негізгі заңын алуға болады. Ерітінді сіңірген электромагниттік сәуле шығару мөлшері, оны өзіне сіңіретін бөлшек концентрациясы мен ерітінді қабатының қалыңдығына пропорционал,
It = I0*10-εcl
It/I0— қатынасын Т арқылы белгілейді де, оны өткізушілік немесе мөлдірлік коэффициенті деп атайды, яғни
T = It/I0 = 10-εcl
Өткізушілікке кері шаманы жарық сәулелерін сіңіру деп атайды, ал сіңірудің ондық логарифмін - оптикалық тығыздық немесе абсорбциялық тығыздық дейді, яғни:
A = lgIt/I0 = εcl
Бұл оптикалық тығыздық - талданатын заттың концентрациясы мен ерітінді қабатының қалыңдығына тура пропорционал болатын негізгі жарық сіңіру заңының логарифмдік өрнегі. Бугер-Ламберт-Беер заңының осындай түрдегі тұжырымдамасын сандық талдауға пайдалану өте ыңғайлы. Оптикалық тығыздықтың концентрацияға тәуелділігін график түрінде көрсету мақсатында ордината өсіне оптикалық тығыздық, ал абцисса өсіне концентрация мәнін алсақ, қабат қалыңдығы бірдей болғанда, координат басынан басталатын түзу сызық шығады. Ал олардың көлбеу бұрышы мольдік сіңіру көрсеткішіне тәуелді. яғни әдістің сезімталдығын анықтайды. График зерттелетін ерітінділерге жарық сіңірудің негізгі заңын қолдануға мүмкіндік береді. Алайда оптикалық тығыздықтың концентрацияға түзу сызықты тәуелділігі әркез байқала бермейді. Мұндай ауытқулардың себептері түрліше, оларды тікелей өлшегенде ескерген жөн.
Жарық сіңірудің негізгі заңы өлшеудің спектрофотометрлік және колориметрлік әдістерін пайдалану арқылы абсорбциялық спектроскопияда кеңінен қолданылады. Бұл әдістердің көмегімен талданатын заттың концентрациясымен байланысты оптикалық тығыздығы немесе өткізгіштігі тікелей өлшенеді.
Фотоколориметрдің схемасы. Сәулелену көздері.Нефелометрия мен турбидиметрия әдістерінің негіздері. Люминесценция әдісі.
Нефелометрия мен турбидиметрия. Нефелометрлік және турбидиметрлік талдау әдістері газды, қатты немесе сұйық, жүзгін күйдегі көбінесе коллоидты жүйеде кездесетін бөлшектердің электромагниттік сәуле шығаруды сіңіру немесе шашырату процесіне негізделген. Нефелометрлік әдісте эмульсияда, суспензияда, коллоидты ерітіндіде, жоғары молекулалық қосылыс ерітінділерінде (олигомерлерде, полимерлерде) жүзгін күйдегі бөлшектер шашыратқан жарық ағынынын интенсивтігін өлшейді. Мұндағы жарық ағынын астаушаға түсетін электромагниттік сәуле шығару бағытына бір шама бұрыш жасай өлшейді. Ал турбидиметрлік әдісте спектрофотометриядағыдай, нақты осы бөлшектердегі жарық ағынының абсорбциясын, басқаша айтқанда, эмульсия, суспензия коллоид, жүзгін арқылы өткен жарық ағынының интенсивтігін өлшейді. Бұл екі әдісті зерттелетін объекті мен оларға арналған ортақ теориялық көзқарас біріктіреді. Олардың негізін калаушылар Рэлей, Тиндаль және Ми. Гетерогенді жүйедегі бөлшектер арқылы жарық ағыны өткенде және ол шашырағанда, жарықтың толқын ұзындығы өзгермейді. Алайда, осы екі әдістегі теориялық негіз бірдей болса да, оларды өлшеуге арналған аспап әр түрлі. Нефелометриядағы өлшеу принципі флуоресценциялық әдістегіге ұқсас, ал турбидиметриядағы өлшеу спектрофотометриядағы оптикалық абсорбция әдісіндегідей.Нефелометрлік және турбидиметрлік талдауды орындаған кезде дұрыс, әрі қайталанымды нәтиже aлy үшін негізгі шарт болып табылатын кейбір жағдайларды сақтау керек. Көбінесе аса сұйытылған ерітінділерді пайдаланатындықтан, ондағы алынатын тұнба түйірлері (жүзгіндері) барынша нашар еруі қажет, яғни еру көбейткішінің мәні ескерілмейтіндей болу керек. Дұрыс нәтиже алу бөлшек өлшеміне тэуелді, сондықтан да ұсақ та ұнтақты бөлшектерді алуға арнап жасаған әдістеме ретін толық сақтау қажет. Бөлшектердің өлшемі мен жүзгіннің оптикалық касиетіне мына факторлар әсер етеді: тұнба түзетін иондардың концентрациясы; араласатын реагент концентрациялары арасындағы қатынас; ерітінділерді араластыру реті; араластыру жылдамдығы, температура және араластыру; жақсы лайлықты алуға қажетті мерзім; дисперсиялық жүйенің тұрақтылығы; бегде электролиттер мен электролит еместердін қатынасуы; қорғаушы коллоидтардын болуы. Бұл факторларды жан-жақты зерттеп білу, затты нефелометрлік және турбидиметрлік талдауға дайындық жумысын тиянақты жүргізуді қажет етеді. Жүзгіндер ұзақ уақытқа тұрақты болу үшін кейде қорғаушы коллоидты қосады. Осы шектеулердін бәрі әдістердің қателігін арттырады, олар спектрофотометрлік әдістерге қарағанда аса дәл емес, мұны анали- тикалық практикада фотометрия нәтиже бергенде пайдаланады. Мысалы, сульфаттар да, хлоридтер де, сондай-ақ кейбір иондар да боялған қосылыстар түзбейді, сондықтан да оларды нефелометрлік немесе турбидиметрлік әдіспен анықтаған жөн. Турбидиметрлік титрлеу әдісі кеңірек қолданылады.