Аналитикалық химияның даму тарихы мен кезеңдерін зерттеу. Массалар әрекеттесу заңы. «Химиялық анализ»



бет55/66
Дата24.03.2022
өлшемі0,79 Mb.
#28693
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66
Байланысты:
Аналитикалы химияны даму тарихы мен кезе дерін зерттеу. Массал

2Проблемалық оқыту – ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан  мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Бұл оқыту студент ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың  ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.

   Проблемалық оқытудың күшті жақтары:

-         Студенттердің логикалық ойлау қабілетін арттырады;

-         Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;

-         Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;

-         Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.



Проблемалық оқытудың кемшіліктері:

-         Студенттердің танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;

-         Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.

   Проблемалық оқытудың мақсаты – ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, студенттердің таным  дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.

   Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда студенттер бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.

 Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор. Студенттер проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.

   Проблемалық оқытудағы студенттердің шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады

1.     Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.

2.     Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.

3.     Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.

    Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді.

Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер,

М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин білікті маман жеке тұлғасының қалыптасу тұжырымдамасын Л.А.Волович, Г.И.Ибрагимов, Г.В.Мухаметзянова өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді. А.М.Матюшкиннің анықтамасы бойынша, «оқытудағы ойланудың негізгі қызметі тек қана жаңа білім алып, жаңаша әрекет етуге мүмкіндік беретіндігінде. Адам өміріндегі барлық білім жүйесі мен іс-әрекеті оның ойлау қабілетінің нәтижесі. Адамның білімі оның ойлануының көрінісі, яғни негізгі танымдық құралы».

М.И.Махмутов: «Білім мен білім алу әрекеті арасындағы өзара байланыс оқушы өзі білмейтін нәрсемен танысқанда, оны түсінуге тырысқанда пайда болатын қайшылықтардан шығу жолын іздегенде ғана тығыз болады. Өйткеніол жаңа білімді игеру барысында ізденіс жасап, әрекет етеді»,-деп көрсетеді. Мұндай жағдайдан шығу білімді меңгерудің жолын құрастыру кезінде туындаған проблеманы шешу үшін ойлану қабілетін дамытқанда ғана іске асады. Демек, проблемалық оқыту ғана білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамытады деген сөз





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет