Анатомия – 120 ом


Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі



бет28/142
Дата07.06.2023
өлшемі331,08 Kb.
#99555
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   142
24.Ми сауыты негізінің сыртқы беткейі.
Бас сүйектің негізі, basis ossis сгаnіі деп, бас сүйектің шекаралық сызықшадан төмен ор- наласқан бөлігін айтамыз
Топографиялық орналасуына қарай: сыртқы беті мен ішкі беттері ажыратылады. Бассүйек негізінің сыртқы бетіbasis cranii externa, алдында бет сүйектермен шектеседі.
Сынатәрізді сүйек, жұп самай сүйек және шүйде сүйек сыртқы негіздің бос бөлігін құрайды. Сыртқы негізінде тесіктер, өсінділер және жүлгелер болғандықтан рельефі тегім емес болады. Сыртқы негізінің артқы бөлімініңьортасында үлкен тесік – foramen magnum орналасады, оның бүйірінде шүйделік айдаршық – condyli occipitales бар. Әрбір айдаршықтың асытнда айдаршықтық шұңқыр – fossa condylaris және тұрақсыз айдаршықтық өзек – canalis condylaris бар. Айдаршық негізінде тіласты жүйке өзегі – canalis nervi hypoglossi өтеді. Үлкен тесіктің артқы жиегінен жоғары шүйденің сыртқы қырқасы – crista occipitales externa көтеріледі. Осы қырқаның оң және сол жағына төменгі, жоғарғы желкелік сызықтар – lineae nuchales inferior et superior кетеді. Базилярлық бөліктің ортасында жұтқыншақ төмпешігі – tuberculum pharyngeum орналасқан. Оның алдында сына тәрізді сүйек денесі мен қанаттық өсінділері орналасып, мұрын қуысының хоаналарын бүйірлерінен шектейді.
Базилярлы және латералды, оң және сол жағынан самай сүйектің пирамидасы орналасқан. Самай сүйектің тасты бөлігінің немесе пирамидасының сыртқы бетінде: ішкі ұйқы ар- териясы өзекшесінің, canalis caroticus, сыртқы тесігі, foramen caroticum externum; артқы қап-талында мойындырық ойысы, fossa jugularis, айқын байқалады.
Мойындырық тесік — foramen jugularis, ол самай сүйектің мойындырықтық тілігі мен шүйде сүйегінің латералды бөлігінің мойындырықтық тілігінің, бір-бірімен өзара беттесу нәтижесінде құралған. Бұл тесік арқылы, ішкі мойындырықтық вена, v.jugularis interna, IX жұп— тіл-жұтқыншақ ми нерві мен ХІ-жұп қосымша ми нерві n.accesorius, өтеді. Мойындырық тесіктің артында біз тәрізді өсінді, processus styloideus, артында самай сүйектің еміздік тәрізді өсіндісі, processus mastoideus, орналасқан. Бұл атаулардың аралығында біз-еміздік тесік, foramen stylomastoideum, орналасқан. Ол, самай сүйектің терең қабатында орналасқан бет нерві өзекшесінің, canalis facialis, сыртқы тесігі болып
саналады. Бұлөзекше арқылы VII жұп — бетми нерві, n. facialis, өтеді. Сына сүйектің денесі шүйде с үйектің денесі мен 17-18 жасқа дейін сына-шүйделік шеміршектік, одан соңғы даму кезінде сүйектік ткан арқылы бітіскен. Сонымен қатар, сына сүйегі мен самай сүйектің тас бөлігі, бір-бірімен өзара аралық сына-тастық шеміршектік ткан, synchondrosissphenopetrosa, арқылы шектессе, самай сүйегінің тас бөлігі, шүйде сүйегі мен тас шүйделік шеміршектік ткан, synchondrosis petrooccipitalis, арқылы жалғасқан. Бұл шеміршектік байланыстар мацериаланған бассүйектерде, шеміршектікткандардың орнындасына- тастақ саңылау, fissura sphenopetrosa, мен тас- тақ шүйделік саңылауларды, fissura petrooccipitalis, айқын байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет