Анатомия – 120 ом


Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы



бет110/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

81.Алмұртүсті және алмұртасты тесіктер, олардың құрамы.

Алмұрт үстілік тесік, foramen suprapiriformis, және алмұрт астылық тесік, foramen infrapiriformis

Алмұрт тәрізді бұлшықет үлкен шонданайлық тесіктен ,Foramen ischiadicum majus, өткен кезде, оның тек ортасын толтырады. Үстінен және астынан тесік пайда болады- алмұртүсті және алмұртасты тесіктер. Бұл тесіктерден жанбас қуысынан санға қан тамырлар мен нервтер өтеді.

82.Сан үшбұрышы, шекаралары, құрамы.

Сан үшбұрышы (trigonum femorale) санның жоғарғы үштен бір бөлігінде шап байламынан төмен орналасқан.

Үшбұрыштың шекаралары:


  • жоғарыда-шап буыны (lig. inguinale);

  • латеральды-Тігіншілік бұлшықет(m. sartorius);

  • медиалды-әкелетін ұзынбұлшықет (m. adductor longus).

Мықын-белдік бұлшықет және қырлық бұлшықет бірігіп сан үшбұрышының түбін құрайды және араларында терендік болатындай орналасады –қасағалық-қырлық шұңқыр (fossa iliopectinea).

Сан үшбұрышының жоғарғы жартысында ішкі жағынан сан венасы (v. femoralis),одан сыртқа қарай сан артериясы (a. femoralis),ал артериядан ары сан нервысы (n. femoralis) жатыр.

Сан артериясы 3 бөлінеді: құрсақүстілік жоғарғы артерия (a. epigastrica superficialis), мықынның жоғарғы артериясы (a. circumflexa ilium superficialis) және сыртқы жыныстық артерия  (aa. pudenda externa). Шаптық байламнан Шаптық байламнан 3-5 см қашықтықта санның терең артериясы өтеді (a. profunda femoris), ал ол өз кезегінде саннық латералдық және медиалдық артериясына бөлінеді(aa. circumflexa femoris medialis et lateralis)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет