Анатомия – 120 ом



бет113/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

Жоғарғы қабырғасы - шап байламынан, lig. inguinale,

Латералды қабырғасы - тігінші бұлшықетінен, m. sartorius,

Медиалды қабырғасын - ішке тартқыш ұзын бұлшықетінен, m. adductor longus. тұрады.Немесе Гунтеров өзегі деп айтсақ болады.

Сан бұлшықеті үшбұрышының маңындағы беткей орналасқан фасциялық қабықшаның астында мықын-қырқалы жүлге, sulcus iliopectineus орналасқан. Бұл жүлгенің медиалды қабырғасы - қырқалы бұлшықеттен, т.pectineus, латералды қабырғасы - бел-мықын бұлшықетінен тұрады.

Бел-мықын жүлгенің дисталді бөлігі төмен бағытта өтіп, сан бұлшықетінің жүлгесіне, sulcus femoralis ұласады.Сан бұлшықеті жүлгесінің, sulcus femoralis медиальды қабырғасы - санды ішке тартқыш бұлшықеттерден, латералды қабырғасы санның төрт басты бұлшықеті мен медиальды бұлшықетінен, т. vastus medialis тұрады.Сонымен қатар, сан бұлшықеттерінің бойында сан бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis femoralis орналасқан. Бұл өзекше, сан жарығы болған жағдайда байқалады.

Бұл өзек соңғы жағынан сан-тақым асты немесе гунтеров өзегіне жалғасады.Яғни сан өзекшесінің тікелей жалғасы, санның ішке тартқыш бұлшықеттерінің өзекшесі, canalis adductorius немесе Гунтеров өзекшесі деп аталынады.



Орналасуы: санның алдыңғы аймағының төменгі бөлігінде

Бұл өзекшенің 1)медиалды қабырғасы

2) латералды қабырғасы

3) алдыңғы қабырғасы болады.

Медиалды қабырғасы санның ішке тартқыш үлкен бұлшықетінен, m. adductor magnus, латералды қабырғасы - санның төрт басты бұлшықетінің медиалды бұлшықетінен, m. vastus medialis, алдыңғы қабырғасын - санның медиалды және латералды қабырғасын құраушы бұлшықеттерінің арасындағы фасциялық табақшадан тұрады.

Бұл өзекше арқылы сан артериясы мен сан венасы, a. et v. femoralesжәне теріасты нерві, п. saphenus өтеді. Ол төмен бағытта тақым шұңқырына қарай өтеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет