97.Простатаның эндокринді бөлігі.
Ер адамдарда аталық без -testis, әйел адамдарда аналық без -ovarium. Адам организміндегі маңызды мүшелердің бірі жыныс жасушаларының,сонымен катар екінші реттегі жыныс белгілерінің дамуына қатысатын жыныс гормонын дәнекер ұлпасына жататын сұйық зат яғни қанға бөліп отырады. Аталық бездің эндокринді бөлігінің функциясын аткаратын интерстиций деген жасушалар бар. Ол кан мен лимфа капиллярларының маңындағы ирелеңдеген шәует өзекшелерінің аралығындағы борпылдақ тәрізді дәнекер тінінде орналасқан аталық безінің интерстициалді эндокриноцитінен түзіледі (кейде Лейдиг жасушасы деп аталады).
Сондай-ақ аталык бездердің интерстициалді эндокриноциттерінен аталықтың жыныс гормоны- тестостерон бөлінеді. Ал аналық безден арнайы эстроген мен прогестерон атты жыныс гормондары түзіліп отырады. Біріншісі - эстрогеннің (немесе фолликулин) пайда болатын жері жетіліп піскен түйіншелердегі дәнді қабатында.Сонымен катар, тағы бір пайда болатын жері –осы аналык бездегі интерстициалді жасушаларында. Сондай-ақ түйіншелердің яғни фолликулалардың дамуы және интерстициалді жасушаның аса белсенділігі гипофиз безінің фолликулин мен сары дене гормонының әсер етуінен жүріп отырады.Ал сары дене гормонының овуляцияның (пісіп жетілу уақыты) басталып ары қарай дамуы және жасушалары аналык бездің екінші гормоны — прогестерон бөліп,осы аталған сары денешіктің түзіліп пайда болуына өз әсерін тигізеді.
Прогестерон әйел қынабының шырышты кабығының дамуына,сосын ұрыктанған аталық жұмыртқа жасушаларын қабылдап қалуына әсер етеді де, жаңадан түзілген түйіншелердің қарқынды өсіп кетуін тежеп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |