Нейрондардың жіктелуі:
1.Нерв жасушаларының өлшемі бойынша:
А) денесінің өлшеміне байланысты:
-ұсақ нейрондар (4мкм-дан 20мкм-ға дейін) -орташа (20мкм-дан 60мкм-ға дейін) -ірі (60мкм-дан 130мкм-ға дейін)
Б) Өсіндісінің ұзындығына байланысты. Микроскопиялық деңгейден 1 метрге дейін жетуі мүмкін.
2. Атқаратын функциясына сәйкес нейрондар 3 топқа жіктеледі: ресепторлық, ассоциативтік, және эффекторлық.
а) сезгіш немесе ресепторлық нейрондар – ішкі және сыртқы ортадан тітіркендіргіштерді қабылдайтын спецификалы ұшы, рецепторы бар; олар негізінен бір өсінділі немесе екі өсінділі нейрондар.
б) қосымша немес ассоциативтік нейрондар – түскен ақпараттардың өңделуі мен таңдануын қамтамасыз етеді. ұсақ мультиполярлы нейрондар;
в) эффекторлык нейрондар – нерв испульстарын жұмыс істейтін ағзаларға өткізетін арнайы ұшы, эффекторлар бар нейрондар; олар орташа және ірі мультиполярлы немесе пирамидалық нейрондар
3. Дененің пішіні мен өсімділерінің саны бойынша :
-бір өсінділі (униполярлы) – адамда нерв жүйесінде көп кездеспейді. -екі өсінділі (биполярлы) – сезгіш нейрондар.(дәм,иіс сезу, есту, көру) -жалған бір өсінділі (псевдоуниполярлы) – жалған бір өсінділі деп аталу себебі, денесінен бір өсінді шығады да, кейіннен ол екі тармаққа бөлінеді; -көп өсінділі (мультиполярлы):
Сезімтал нейрондардың өсінділерін дендрит және аксон деп атамайды, оларды перифериялық және орталық өсінділер деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |