Анатомия – 120 ом


Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік бірлігі – нейрон



бет131/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

    Бұл бет үшін навигация:
  • Аксон
99.Нерв жүйесінің құрылымдық-қызметтік бірлігі – нейрон.

Нерв жүйесінің құрылымдық-функциялық бірлігі – нейрондар немесе нейронциттер. Адамның нерв жүйесінде жүз миллиардтан бір триллионға дейін нейрондар болады. Бала туылғанда нейрондар бөліну нәтижесінде үш есеге көбеюге қабілетті. Өлген нерв жасушалары қайтып қалпына келмейді. Адам өмірінің барлық кезеңдерінде нейронциттердің саны жылына 100 млн нейронға дейін азаяды, яғни табиғи азаю процессі жүреді.

Нейрондар үш бөлімнен тұрады: денесі және екі өсінділері:дендриттер және аксон.

-Дендриттер – нервілік импульсты нейронның денесіне өткізеді. Дендриттердің саны әр түрлі болады : мүлдем болмауы немесе жалғыз болуы не болмаса саны онға дейін жетуі мүмкін. -Аксон – жалғыз болатын ең ұзын өсінді. Ол нервілік импульсты нейронның денесінен келесі нейронға өткізеді.

Нейрондар нервілік испульсты тек бір бағытта ғана өткізеді. Дендриттерден жасуша денесіне, денесінен аксонға, аксонның қозу алға қарай келесі нейронның денесіне немесе дендриттеріне өткізіледі.

Нерв жасушалары жұлын мен мидың анатомиялық, морфологиялық негізі – ақ және сұр заттарын құрайды. Ақ заттекті нейрондардың өсінділері,ал сұр заттекті нейрондардың денесі түзіледі.

Нерв жүйесінің морфологиялық негізін, нейроннан басқа, глиялық жасушалар құрайды. Олардың қызметі: тірек, қорғау, оқшаулау, тосқауыл және трофикалық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет