103.Рефлекторлық доғалар, қарапайым /2 және 3 тілді/ және күрделі
Рефлекс терминін ең алғаш чех физиологы – Прохаская ұсынған.
«рефлекстік доға» туралы түсінік 1850 ж. Ағылшын физиологы И. Холл берген.
1863 ж. «Ми рефлекстері» еңбегі орыс физиологы И.М.Сеченов.
Рефлекс – ОНЖ арқылы ішкі және сыртқы тітіркендіргіштіктерге жауап қайтару.
Екі түрі бар:
1) Шартты – туа біткен шартсыз рефлекстер негізінде пайда болады. Организмнің уақытша реакциясы. Тұқым қуаламайды.
2) Шартсыз- туа біткен. Жұлын немесе ми сабауы арқылы іске асырылады. Тұқым қуалайды.
Рефлекстің морф.негізі – рефлекстік доға.
Рефлекстік доға:
- тітіркендіргішті қабылдайды.
- қоздыру энергиясын нервтік импульстарға трансформациялайды.
- ОНЖ жеткізеді, түскен ақпаратты өңдейді.
- жауап қайтарады.
Рефлекстік доға: қарапайым және күрделі.
1. қарапайым- 3 бөлімнен тұрады.
- эфференттік бөлім. Перифериялық өсінділерден басталады. Жұлын мен миға бағытталып эфференттік неиронда синапспен аяқталады.
- ассоциативтік бөлім. Қысқа аксонды, мультиполярлы. Байланыстырғыш. Жұлын мен ми деңгейінде орналасады.
-эфференттік бөлім. Қимыл бөлімі. Орталық неирондардан шығып, жұмыс атқаратын ағза тінінде эффекторлық ұшымен аяқталады.
Бұлшықетте эффекторлар құрылысы ерекше. Моторлы құлақша немесе нерв- бұлшықеттік синапс деп аталады. Мультиполярлы. Эфференттік нейронның денесі мен дендриттің орталық нерв жүйесінде орналасады.
2. Күрделі рефлекстік доға. Бірнеше ассоциативтік нейрондардан тұрады.
Олар: -ақпарат жинақтайды
- мидағы интеграциялық орталықтарға жібереді.
-Түскен ақпараттарды өңдеп интеграциялайды.
-Жауап беру реакциясы туындайды.
-Импульс эфференттік орталықтарға жеткізіледі.
Интеграциялық орталықтар:
Мишық – тепе - теңдік және вестибулярлық.
Ортаңғы ми – көру, есту, иіс сезу және тактильді сезіну.
Аралық ми- сезінудің барлық түрі.
Үлкен ми – кез кезген ақпараттың өңделуіне жауап беретін, адам ойлау, оқу, жазу, және есте сақтау қабілетіне жауап беретін ең жоғарғы интеграциялық орталық.
Достарыңызбен бөлісу: |