Анатомия – 120 ом


Жұлынның сыртқы құрылысы. Жұлын ішкі құрылысы



бет134/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

101.Жұлынның сыртқы құрылысы. Жұлын ішкі құрылысы

Жұлын (medulla spіnalіs) - омыртқа жотасының өзегінде (canalis vertebralis) ішінде орналасқан орталық жүйке жүйесінің бір бөлігі. Сыртқы құрылысы;

  • Мойындық буылтық (intumescentia cervicales) – қол мен кеуденің иннервациясын қамтамасыз етеді ;5-ші мойын мен 1-ші кеуде сегменті аралығында орналасады.

  • Бел-сегізкөздік буылтық (intumescentia lumbosacralis) – аяқ пен жамбастың иннервациясына жауап береді; 12-ші кеуде мен 3-ші сегізкөз сегменті аралығында орналасады

  • Ми конусы (conus medullaris) – жұлынның жіңішкерген төменгі бөлігі

  • Соңғы жіп (filum terminale) – жіпшелер; ми конусынан бастап 2-ші құйымшақ омыртқасы аралығында жатады

  • Алдыңғы орталық саңылау (fissurs mediana anterior) – саңылау тәрізді жүлге; жұлынның алдыңғы бетінде орналасады

  • Артқы орталық жүлге (sulcus medianus posterior) – жұлынның артқы бетінің ортасында орналасқан

  • Алдыңғы бүйір жүлге (sulcus lateralis anterior) – жұлынның алдыңғы түбіршегі осы жерден шығады

  • Артқы бүйір жүлге (sulcus lateralis posterior) – жұлынның артқы түбіршегі осы жерден кіреді

  • Жұлында 124 түбіршек бар: 62 артқы (radix dorsalis) – жұлынға бағытталып артқы бүйір жүлге арқылы кіретін псевдоуниполярлы нейрондардың орталық өсінділеодің жиынтығы; 62 алдыңғы (radix ventralis) –алдыңғы мүйізде орналасатын қимыл нейрондардың аксондарының жиынтығы. Бұл түбіршектерден 31 жұп жұлын нервісі түзіледі.

Ішкі құрылысы:

Жұлын сұр және ақ заттектен тұрады. Сұр заттек (substantia grisea) – пішіні көбелек тәрізді , жұлынның ортаңғы бөлімінде орналасқан, шартсыз рефлекстерді қамтамасыз етеді. Сұр заттек:



  1. алдыңғы мүйіз (cornu anterior) – эфферентік нейрондардан түзілген, алға бағытталған жалпақ қысқа бөлік

  2. артқы мүйіз (cornu posterius) – cезім қабылдайтын ядролары орналасқан, сұр заттектің артқа бағыттала орналасқан ұзын жіңішке бөлігі, оның: ұшы (apex cornu posterioris), басы (caput), мойыны (cervix), негізі (basis) бар.

  3. бүйір мүйіз (cornu laterale) – вегетативті симпатикалық ядролары бар, жұлынның C8-L3 сегменттерінде орналасады.

  4. Аралық заттек (substantia intermedia) – орталық бөлік; медиалді аралық ядро, үшкіл нервінің жұлындық ядросы, қосымша нервінің жұлындық ядролары орналасқан.

Ақ заттек – нерв клеткаларының өсінділерінен тұрады.

  1. Алдыңғы жіпше (funiculus anterior) – fissure mediana anterior және sulcus anterolateralis-пен шектеледі

  2. Бүйір жіпше (funicilus lateralis) – sulcus anterolateralis және sulcus posterolateralis-пен шектеледі

  3. Артқы жіпше (funiculus posterior) – sulcus medianus posterior – sulcus medianus posterior және sulcus posterolateralis-пен шектеледі

Бұл жіпшелер өзара байланыса отырып, жұлынның өткізгіш жолдарын құрайды. Өткізгіш жолдар арқылы жұлынның ядролары және ми екі жақты байланыс құра алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет