Анатомия – 120 ом


Өңеш: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері. Өңештің тарылулары



бет164/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   211
Байланысты:
Анатомия – 120 ом

132. Өңеш: қабырға құрылысы, топографиясы, қызметтері. Өңештің тарылулары.

Өңеш (esophagus) – адамның асқорыту жүйесінің ауыз қуысы мен жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі. Өңешадамдатүтіктәрізді, ұзындығы 25 см-дей, диаметрі 16 – 22 мм (созылғанда), қалыңдығы 3,5 – 5,6 мм. Өңеш мойын, көкірек, құрсақ бөлімдерінен тұрады. Оның қабырғасын ішкі – кілегейлі, ортаңғы – етті, сыртқы – көкірек және құрсақ бөліктерін сірлі қабық, мойын бөлігін адвентиция (қантамырының сыртқы дәнекер қабығы) құрайды. Кілегейлі қабығында кілегей бөлетін альвеолалы түтікше бездер орналасады. Өңештің кілегейлі қабығын көпқабатты эпителий астарлайды. Тағам өңеш бойымен ет қабатының жиырылуынан және тағамның өз салмағынан төмен қарай жылжиды. Ауруға шалдыққан немесе бөгде зат тұрып қалған Өңешті бармақпен басып не тиісті аспаппен, арнайы зонд жіберіп, рентген арқылы тексереді. Қажет жағдайда хирургиялық операция жасалынады.Бөлімдері: мойындық, кеуделік, іштік.

Өнештің мойындық бөлігі кеңірдекпен жанасуына байланысты, оның өту жолы көлденең саңылаутүрінде, кеуде бөлігінің өту жолы дөңгелек жүлдызтәрізді болып келген. Өңештің қабырғасы ас қорыту жүйесінің тікелей жалғасы болғандықтан, қабырғаларының қүрылысы: шырышты, шырышасты, бұлшықеттік және сыртқы дәнекер тінді қабаттан түрады.

-Шырышты қабығы-tunica mucosa, ол жұтқыншақтың шырышты кабығының тікелей жалғасы. Шырышты қабығы қалындау болып келуімен қатар бұлшықеттік қабығы да жаксы дамыған. Шырышты қабығының қуысқа қараған беті көпқабатты эпителиймен қапталған. Шырышты қабық пен шырышасты негізінде өңеш бездері, glandulae esophageae, мен даралынып орналаскан көптеген лимфа түйіндері болады.

-Шырышасты негізі-tela submucosa, жақсы дамыған. Шырышасты негізі аралығында кантамыр өрімдері мен нервтер орналаскан іркілдеген жылжымалы дәнекер тіннен тұрады. Шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты, өнештің ішкі бетінде бойлык қатпарлар түзіледі. Бұл шырышты қатпарлар, өңеш тің көлденең кесіндісінде жұлдыз-тәрізді болып келеді. Шырышасты негізінің әсерінен шырышты қабығы жылжымалы келіп, тамақтын өңеш аркылы өтуін женілдетеді.

-Өңештің бұлшықеттік қабығы-tunica muscularis, сырткы бойлық-stratum longitudinale, және дөңгелек-stratum circulare, қабаттан тұрады. Құрылысы жағынан өңештің жоғарғы бөлігінің бұлшыкеттік қабығы көлденең-жолақты ерікті еттік қабаттан тұрады, ортаңғы бөлігінде - аралас (көлденен — жолақты бірыңғай салалы мускулатураға алмасады), төменгі бөлігі бірыңғай салалы бұлшықеттік қабаттан тұрады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет