Анатомия – 120 ом



бет161/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   211
129.Тіл, құрылысы, қызметі.
Тіл, lingua, (грекше glossa) бұлшықетті мүше. Ол ауыз куысының төменгі кабырғасына жақын тіласты безі-glandulae sublingualis, мен жақ тіл астылық бүлшықеттің-т. mylohyoideus, үстінде орналасқан. Тіл ауыз қуысының сілекей бездерінің секреті аркылы ұнтақталған, шыланған тамақты жүтыну актісі кезінде аран арқылы жұткыншакка өткізіп, сөйлеу және тамақтың дәмін анықтайтын күрделі мүше. Тілдің ұшы-apex linguae, денесі-corpus linguae, және түбі-radix linguae, ажыратылады. Тіл түбі денесінен бұрыш құрап орналасқан шеқаралық сала арқылы шектелген. Тілдің дорзалді беті немесе тіл арқашығы-dorsum linguae, мен бүйір жиектері және төменгі беті ажыратылады. Тілдің сыртқы беті көпқабатты эпителиймен қапталған шырышты қабықтан тұрады. Тіл арқашығынын шырышты қабығы сырткы бетін жауып, астың дәмін анықтайтын, жалпы сезімдерді және ыстық, суық сезімдерді кабылдайтын бірнеше бүртіктерден тұрады. Тілдің шырышты қабығының бүртіктері:

1.Тілдің жіптәрізді және конустәрізді бүртіктері, papillae fdiformes et papillae conicae, тілдің бүкіл дорзалді бетін жауып, тіл ұшынан түбіне дейінгі аралыкта орналасқан. Тілдің дорзалді бетінің немесе арқашығының бархыттәрізді болып келуі осы бүртіктерге байланысты. Жіптәрізді және конустәрізді бүртіктердің негізгі қызметі: жалпы сезімдерді (жанасу, сипап- сезу, ыстык-суық, ауру және қысым) қабылдау.

2. Саңырауқұлақтәрізді бүртіктер-papillae fungiformes, тілдің бүйір беттерінде, аркашығында шашыранды түрде, тіл ұшында топталып орналаскан. Мұндай бүртіктердін қызыл түсті болып келуі кан тамырлар капиллярларының беткей орналасуына байланысты. Кызметі: тамақтың тәтті және қышқыл дәмін анықтау.

3. Науашыктәрізді бүртіктер-papillae vallatae, бүртіктердің жалпы саны 7-12-дей, олар тіл түбінің маңында шекаралық саланын алдында бүрыш құрап орналасқан. Науашықтәрізді бүртіктердің көлденең ені 2-3 мм-дей. Бүртіктердің үшында дәм сезгіш рецепторлар орналасқан. Қызметі: дәмді сезу.

4. Жапырақтәрізді бүртіктер-papillae foliatae, олар тілдің бүйір кабырғаларында орналаскан. Қызметі: тұзды, тәтті сезімдерді қабылдау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет