Анатомия – 120 ом


Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы (скелетотопиясы, синтопиясы, голотопиясы), ішастарға қатынасы. Бүйректің фиксациялық аппараты



бет186/211
Дата09.05.2022
өлшемі330,47 Kb.
#33226
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   211
156.Бүйрек топографиясы, бүйректің капсуласы (скелетотопиясы, синтопиясы, голотопиясы), ішастарға қатынасы. Бүйректің фиксациялық аппараты.
Бүйрек

Бүйрек, геп (грекше, nephros), жұп экскреторлық мүше.Бүйректің сыртқы пішіні бұршактәрізді,құрамы тығыз.Ересек ер адамдарда бүйректің көлемі: бүйректің ұзындығы 10-12 см, көлденең ені 5-6 см, калындығы 3-4 см-дей. Орташа салмағы 120 г. Бүйректің түсі қою қызыл.Бүйректің дөңес алдыңғы беті, facies anterior, жэне арткы беті facies posterior,жоғарғы ұшы, extremitas superior,мен төменгі ұшы, extremitas inferior, ажыратылады. Сонымен бірге, бүйректің донес латералді жиегі, margo lateralis, мен ойыс медиалді жиегі, margo medialis ажыратылады. Медиалді жиегінің орта бөлігінде бүйрек қақпасы, hilus renalis, орналасқан. Бүйрек кақпасына бүйрек артериясы мен нерві кіріп, бүйрек венасы, несепағар жэне лимфа тамырлары шығады. Бүйрек қақпасы тереңдей келе, бүйрек түбегі, pelvis

renalis, және кіші, үлкен тостағаншылар орналасқан бүйрек қойнауына, sinus renalis жалғасады.

Бүйректің топографиясы.

Бүйрек іш қуысының арткы қабырғасында,омыртқа бағанасының бүйір қапталында XII - кеуде омыртқа мен жоғарғы екі бел омыртқалардың аралығында, ішастардың артқы қапталында, бүйректік қалтада орналасқан Оң бүйрек бауырдың оң үлесімен жакын беттесіп орналасуына байланысты сол бүйрекке қарағанда 1-1,5 см томен орналасқан. Проксималді ұшы, extremitas superior, XI-қабырғаның тұсында, дисталді ұшының, extremitas inferior, орналасуы тұрақсыз, жалпы мыкын сүйегінің кырынан 3-5 см-дей жоғары орналасқан.

Синтопиясы:оң бүйректің жоғарғы ұшының шамалы бөлігі бүйрекүсті безбен,gl.suprarenalis,алдыңғы беті бауырмен,һераг,алдыңғы бетінің төменгі бөлігі он екі елі ішектің төмендеген бөлігімен,pars descendens duodeni шектеседі.

Сол бүйректің жоғарғы ұшы бүйрекүсті безбен, gl. suprarenalis; алдыңғы бетінің: жоғарғы 1/3 болігі асқазанмен,алдыңғы бетінің ортаңғы 2/3 бөлігі ұйқыбезбен, gl. pancreas; алдыңғы бетінің латералді бөлігі көкбауырмен шектеседі.Төменгі ұшының алдыңғы беті: жіңішке ішектің аш болігімен,

iejunum; латералді капталы жиек ішектің сол иілімімен, flexura coli sinistra; артқы беті кокетпен шектеседі.

Бүйректің кабықтары.

- Бүйректің сыртқы беті фиброзды қабықпен, capsula fibrosa,жабылған. Қабык бүйрек паренхимасынан жеңіл сылынып алынады.

Құрылысы:дәнекер тінді талшыктардан және бірыңғай салалы бұлшықеттерден құралған.

- Майлы қабық, capsula adiposa, бүйректің фиброзды қабығының сыртында орналасқан.Майлы қабық бүйректің артқы бетінде жаксы дамыған,ол бүйрекмайын,corpus adiposum pararenale,түзеді.Майлы қабығы қалындығының күрт азаюынан бүйрек қозғалмалы келеді (кезбе бүйрек).

- Бүйрек шандыры, fascia renalis, екі бүйрекке ортак, ол майлы қабыктын сыртқы бетін жауып, бүйрекалды және бүйрекарты екі табақшадан тұрады. Бүйрек шандырының бүйрекалды табағы алдынан сол бүйректі, бүйрек тамырларын, құрсақтық қолқаны, төменгі қуыс венаны жауып, омыртканың алдынан отіп, оң бүйрекке жалғасады. Бүйрек шандырының бүйрекарты табағы оң және сол жақтарынан омыртка жотасының бүйір бөлігіне бекиді. Бұл екі табақшаның төменгі ұштары өзара байланыспайды. Бүйрек шандыры талшықты дәнекер тінді жіпшелер арқылы бүйректің фиброзды қабығымен байланысады.

Бүйрек шандырының бүйрекалды табағының алдында париеталді ішастар орналасқан.Бүйрек ішастармен экстраперитонеалді жабылған.

Бүйректің фиксациялык аппараты.

Бүйректің қалыпты жағдайда бір деңгейде орналасуы келесі факторларға тікелей байланысты:

- бүйрек орнына, белдің үлкен бұлшықеті, m.psoas major, мен белдің шаршы бұлшықетінен, т. guadratus lumborum, түзілген;

- іш қуысы, көкетжәне шаттың бұлшықеттерінің жиырылуы нәтижесінде пайда болатын кұрсақтык қысымға;

- бүйрек аяғына: бүйрек кантамырлары, нервтері, лимфа тамырлары және бүйрек түбегі немесе несепағар;

- бүйрек кабықтары, әсіресе бүйрек шандырына;

- ішкі мүшелермен тығыз жанасып орналасуына;

- ішастар байламдарына;

Бүйректің фиксациялық аппаратының күрделігіне қарамастан, тыныс алу кезінде 2- 5 см ауытқуы байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   211




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет