Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Тоқ ішекте тек су және тұздың сіңірілуі жүреді. Асқорытудың зерттеу әдістері



бет47/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Тоқ ішекте тек су және тұздың сіңірілуі жүреді.
Асқорытудың зерттеу әдістері
Асқорыту ағзаларының аурулары өте жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер адамның ішек-қарыннан таза сөл алып, оның асқорытудағы мәнін білуді арман етті. Мысалы, Рюмер адамның қарын сөлін зерттеу үшін бір кесек губканы жіпке байлап зерттелетін адамға жұтқызды, біраздан кейін губканы жіппен тартып сыртқа шығарып, оның сығындысын зерттеді.
Сонымен қатар асқорыту жүйесінің қызметін зерттеуде бірден бір тиімді әдіс И.П. Павлов ұсынған фистула қою. Фистула қою әдісі асқорыту физиологиясын жаңаша дамытуға жол ашып, бұл тарапындағы әйгілі еңбектері үшін Павловқа Нобель сыйлығы берілді.
Фистула дегеніміз- белгілі бір ағзаның қуысын немесе бездің түтігін сыртқа ортамен байланыстыратын өзек.
Казіргі заманда эндоскопия әдісі кеңінен қолданылады.
Эндоскоп құралы арқылы асқорыту мүшелеріндегі ақауды анықтауға мүмкіндік береді. УДЗ арқылы бауырдың, ұйқы безінің, өт қуығның көлемдерін анықтауға болады
компьютерлік томография (КТ), МРТ – ас қорыту мүшелеріндегі түрлі ісіктерді анықтауға мүмкіншілік береді.
Ректороманоскопия- тік ішектің және сигма тәрізді ішекті зерттеуге болады.
Колоноскопия- жуан ішектің құрылысын зерттейді
Ирригоскопия- арнайы барий сульфат ерітіндісін ішкізіп ішектердің өтімсіздігін анықтайды.
ЭФГДС- өңештің, асқазанның, 12елі ішектің шырышты қабатын және ондағы жаралардың бар жоқтығын анықтауға болады.
Зат және қуат алмасу
Метаболизм: ассимиляция, диссимиляция туралы түсінік.
Зат алмасуы ағза тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Зат алмасу метаболизм дегеніміз ағзаға қажетті заттардың келуі, керекемес соңғы өнімдердің сыртқа шығарылуы. Зат алмасу екі кезеңнен тұрады:
1.ассимиляция - жасушалар құрамына кіретін қажетті заттардың жаңадан түзілуі (синтезделуі);
2.диссимиляция - зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы.
Тіршіліктің көзі - тағам (тамақ), оның сапасы, мөлшері, құрамындағы қоректік заттар, олардың арақатынасы дене мұқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет. Денедегі тотығу өнімдері, әсіресе ақуыз өнімдері көбінесе уытты келеді. Арнайы ағзалары арқылы ағза олардан уақытында арылып отырады.
Зат алмасуы тағамның, оның құрамындағы қоректік заттардың асқазанға келіп түсуінен басталады. Онан соң олар қорытылып, денеге сіңеді, жасушаларда ассимиляция және диссимиляция үрдістері өтеді, шығару ағзалары арқылы тотығу өнімдері сыртқа шығарылады. Бұл - жалпы зат алмасуы. Ал жасуша ішінде өтетін зат алмасуы (аралық алмасу) - негізінен химиялық үрдіс, оны биохимия зерттейді. Физиология қоректік, минералды заттар мен су алмасуының жалпы мәселелерін, олардың реттелуін қарастырады. Мұнымен бірге, физиология зат алмасуының көрсеткіштерін зерттеу әдістерін іздестіреді, сондай-ақ тиімді тамақтану негізін зерттейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет