Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Нейрондар атқаратын қызметіне қарай 3 бөлінеді



бет102/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Нейрондар атқаратын қызметіне қарай 3 бөлінеді:
1. сезімтал нейрондар,
2. қозғалтқыш нейрондар,
3. аралық нейрондар
Сезімтал нейрон импульстарды рецептордан орталыққа жеткізеді.
Қозғалтқыш нейрон импульстарды орталықтан орындаушы мүшеге апарады.
Аралық нейрон сезімтал нейрондардан шыққан импульстарды қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.


Рефлекс. Рефлекторлық доға.
Рефлекс дегеніміз ағзаның сыртқы және ішкі тітіркендіруге жауап беру реакциясы. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664 ж.). Рефлекстің өтетін жолын - рефлекстік доға деп атайды.
Ол бес бөлімнен тұрады:
1) рецептор;
2) афференттік немесе сезімтал нейрондар;
3) орталық ми;
4) эфференттік немесе қозғалтқыш нейрондар;
5) орындаушы мүше - эффектордан.
Рецептор қабылдаушы құрлым сырттан келген тітіркендіргішті қабылдап импульс пайда болады,сезімтал нейрон рецептордан шыққын импульсті орталыққа жеткізеді,орталық бөлім ми және жұлын жатады бұл жерде ақпарат талданып шешім шығарады,қозғалтқыш нейрон орталықтан шыққан импульс орындаушы мүшеге акеледі. Орындаушы мүше орындайды оған сөл бөлетін бездер,сіңір ,бұлшықет жатады.
Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда ғана рефлекс қызметін атқарады, яғни доғаның бүтіндігі бұзылса рефлекс біржола жоғалып кетеді.


Жұлын. Құрылысы мен орналасуы. Қабықтары.
Жұлын, спинной мозг, medulla spinalis, алдынан артына қарай қысыңқы, пішіні цилиндр тәрізді мүше. Омыртқа бағанасының орталық өзегінде орналасады. Бас миы негізі тұсында сопақша мидан басталып, І-ІІ бел омыртқалар тұсында ми сүйірі, conus medullaris, тәрізденіп бітеді. Ми сүйірі өз кезегінде терминалды жіпшеге жалғасады. Ересек адамда жұлынның жалпы ұзындығы орташа 43см (еркектерде-45см, аләйелдерде-41-42см),ал салмағы 34-38 гр жуық.
Сыртқы құрлысы. Жұлын бойында мойын, intumescentia cervicalis, және бел-сегізкөз буылтықтары, intumescentia lumbosacralis, болады. Мойын буылтығынан қолды жүйкелендіретін, бел-сегізкөз буылтығынан аяқты жүйкелендіретін жүйкелер шығады.
Жұлынның сыртқы бетінде бес жүлге және бір саңылау орналасады. Алдыңғы бетінің өне бойында сагитталды бағытта орналасқан алдыңғы ортаңғы саңылауы, артқы бетінде артқы ортаңғы жүлгесі болады, екеуі жұлынды симметриялы екі бөлікке бөлетін шекара болып табылады.
Жұлынның алдыңғы бетінің ортаңғы саңылауының бүйір жағында алдыңғы бүйір жүлгелер орналасады, олардан оң және сол алдыңғы түбірлер шығады. Ал артқы бетінде артқы бүйір жүлгелер, бұл жүлгелер арқылы жұлынға оң және сол артқы түбірлер енеді.
Жұлында 31 сегментті ажыратады. Олар: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 құйымшақ болып бөлінеді. Жұлынның өне бойынан 31 жұп алдыңғы және артқы түбірлер шығады да, омыртқааралық тесік тұсында түбірлер қосылып, 31 жұп жұлын жүйкелерін түзеді. Жұлынның әрбір сегментінің адам денесінде жүйкелендіретін белгілі бір аймағы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет