Анатомия және физиология пәніне кіріспе



бет42/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Көкеттік беті, facіes dіaphragmatіca, дөңес, жоғарғы және алға қараған, көкетпен жанасып жатады. Бауырдың көкеттік беті орақ тәрізді байлам арқылы оң және сол бөліктерге бөлінеді.
Висцералдық беті, facіes vіsceralіs, төменге және артқа қараған, ішкі мүшелермен жанасып жатады. Екі бетін қосатын алдыңғы жиегі өткірлеу, артқы жиегі доғалдау болады.
Висцеральды бетінде үш жүлге: көлденең және оң және сол бойлық жүлгелер орналасады. Ортасында орналасқан көлденең жүлгеде бауыр қақпасы, porta hepatіs, орналасады. Бауыр қақпасы арқылы бауырдың меншікті артериясы, қақпа венасы, жалпы өт өзегі, лимфа тамырлары және нервтер кіреді. Оң бойлық жүлгенің алдыңғы бөлігі өт қуығының шұңқыры, ал артқы бөлігі төменгі қуысты вена жүлгесі болып табылады. Сол бойлық жүлгенің алдыңғы бөлігі жұмыр байлам саңылауы, ал артқы бөлігі веноздық байламның жүлгесі болып табылады. Бұл саңлауларда аттас байламдар орналасады, құрсақтағы кезеңде кіндік венасы және веналық өзек орналасады. Ішастар бауырдың көп бөлігін қаптап жатады.
Бауыр жүлгелері бауырдың висцералдық бетін төрт бөлікке бөледі: оң, шаршы, сол және құйрықты. Висцералдық бетінде он екі елі ішектің, оң жиектік иілімнің, оң бүйректің және оң бүйрек үсті безінің батыңқы іздері байқалады.
Бауырдың көлденең жүлге мен артқы жиегінен басқа жерлері ішастармен барлық жағынан қапталған. Ішастардың бауырдан ішкі мүшелерге өтетін жерлері бауырды бір деңгейде ұстауға мүмкіндік беретін байламдар түзеді: орақ тәрізді байламы,lіg.falcіforme, тәждік байлам, lіg. coronarіum, оң және сол үшбұрышты байламдар, lіgg. trіangularae.
Бауырдың құрылымдық-қызметтік бірлігі-бауыр бөлікшесі деп аталады. Бауыр бөлікшесі пішіні призма тәрізді. Адам бауырында 500 000 жуық бауыр бөлікшелері болады.


Бауыр қызметі, асқорытудағы маңызы
Бауыр адам денесіндегі ең ірі без. Оның салмағы ересек адамда шамамен 1,4-1,5 кг, жаңа туған нәрестелерде 135гр. Бауыр құрылысы күрделі, қызғылт қоңыр түсті. Бауыр жасушалары гепатоциттер деп аталады. Бауыр тіні 60% гепатоциттерден 30% жұлдыз тәрізді Купфер жасушаларынан тұрады.
Бауыр тіршілік үшін маңызды мүше болып табылады. Оны Л. Людвиг ағзаның орталық лабораториясы деп атады. Бауырдың қабынуын гепатит деп атайды. Бауыр ағзадағы барлық зат алмасуға қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет