Жуан ішек қабырғасының құрлысы. Қабырғасы шырышты қабаты шырышасты негізімен, бұлшықетті және сірлі қабаттардан тұрады.
Шырышты қабаты шырышты жасушалары бар цилиндрлік эпителиймен астарланған, бүрлері болмайды. Тек қана жиектік ішектің жарты ай тәрізді қатпарлары болады. Бұл қатпарлар үш қатарда орналасып, қапшық тәрізді-жиектік ішек қампаймаларын бөліп тұрады. Шырышты қабатында көптеген түтікті ішек бездері, шырыш асты негізінде жекелеген лимфа түйіндері, ал құрт тәрізді өсіндінің қабырғасында топтық лимфа фолликулалары орналасады.
Бұлшықетті қабаты ішкісі дөңгелек, сыртқысы бойлық бірыңғай салалы ет талшықтарынан түзілген. Дөңгелек ет талшықтары ішек қабырғасында толық айналым жасап таралады, ал бойлық ет талшықтары үш жалпақ буда-жиектік ішек таспаларын,taenіae colі, түзеді. Таспалардың үш түрі бар: 1) бос таспа,taenіae lіbera, 2) шажырқайлық таспа,taenіae mesocolіca, 3) шарбы майлық таспа,taenіae omentalіs.
Сірлі қабатықұрт тәрізді өсіндіні соқыр ішекті, сигма тәрізді жиектік ішекті, көлденең жиектік ішекті және тік ішектің бастапқы бөлігін толық қаптайды. Жуан ішектің қалған бөліктері ішастармен үш жағынан қапталады, ал тік ішектің төменгі үштен бір бөлігі ішастармен қапталмайды.
Тік ішек, rectumжуан ішектің соңғы бөлігі. Тік ішектен нәжіс жиналып, соңынан организмнен шығарылып отырады. Тік ішектің ұзындығы 12-15см, диаметрі 2,5-7,5см, кіші жамбас қуысында орналасады. Mүшенің артында сегізкөз және құйымшақ, алдыңғы жағында еркектерде қуық асты безі, несеп қуығы, шәует қуықшасы мен шәует әкететін түтіктің ампуласы, ал әйелдерде жатыр және қынап орналасады.
Тік ішектің кіші жамбас қуысында орналасқан кеңейген бөлігін тік ішектің ампуласы, ampulla rectі, деп атайды. Тік ішектің шатаралық арқылы өтетін жіңішкерген бөлігін аналды өзек,canalіs analіs, деп атайды. Аналды өзек сыртқа артқы өтіс тесігі, anus, арқылы ашылады.
Тік ішектің шырышты қабатында 6-10 тұрақты қатпарлар түзіледі. Бұл тұрақты қатпарларды артқы өтіс бағандары,columnae anales, деп атайды. Артқы өтіс бағандарының арасында артқы өтіс қойнаулары,sіnus analіs, орналасады. Артқы өтіс қойнаулары көбіне ауру тудыратын микробтар енетін қақпа болып табылады.
Қойнаулар мен артқы өтіс арасындағы тіндер қабатында веналық өрім орналасады; қатты қан ағып кеңеюін геморрой деп атайды.
Бұлшықет қабаты дөңгелек және бойлық тегіс ет талшықтарынан тұрады. Ішкі дөңгелек қабаты жақсы жетілген және бұл бұлшықеттер артқы өтіс өзегінде артқы өтістің ішкі (еріксіз) қысқышын, сыртқы жағында көлденең жолақты ет талшықтарынан түзілген артқы өтістің сыртқы (ерікті) қысқышы түзіледі.