Анатомия және физиология пәніне кіріспе


Тоқ ішектегі астың қорытылуы, дефекация жайлы түсінік



бет41/115
Дата07.05.2023
өлшемі358,77 Kb.
#90892
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115
Байланысты:
Анатомия және физиология кітапша

Тоқ ішектегі астың қорытылуы, дефекация жайлы түсінік.
Тоқ ішектін ішкі қабаты - кілегейлі қабық көптеген келденең орналасқан қатпарлардан тұрады. Мұнда микробүрлер, бүрлер, ойықтар, ойық жерлерде муцин шығаратын жасушалар көп. Тоқ ішек құрылысы сөл шығаруға, қажетті заттардың қанға сіңуіне бейімделген.
Тоқ ішек сөлінде фермент болмайды, бірақ, аш ішектен келіп түскен химус құрамындағы ферменттер қоректік заттар калдықтарын тоқ ішекте одан әрі ыдырата береді.
Аш ішектен тоқ ішекке тәулігіне 2-4 литрдей химус өтеді. Химус құрамындағы су қанға тоқ ішекте сіңеді. Тоқ ішектегі перистальтикалық қимылдар нәтижесінде химусты әрлі-берлі жылжытып отырып, қанға судың сүзілуін тездетеді,Осының салдарынан химус қойылады да нәжіске айналып жылжып, тік ішекке жетеді. Адам тәулігіне бір рет үлкен дәретке отырады.
Тоқ ішекте нәжіс калыптасады. Оның құрамында денеге сіңбеген ас қалдықтары, шіру, ашу барысында пайда болған заттар, көптеген микроорганизмдер болады. Нәжісті сыртқа шығару ас қорьту жүйесінің экскрециялық қызметі. Нәжісті шығару дефекация деп атайды.
Тоқ ішекте көптегенмикроорганизмдер бар, олар, аш ішекте ыдырамай сол күйінде тоқ ішекке өткен клетчатканы ыдыратады.
Тоқ ішекке келіп түскенақуыздарды шірітетін микробтар да бар. Шіру нәтижесінде тез қанға сіңетін улы заттар (индол, скатол т. б.) түзіледі. Олар қанға сіңіп кақпа венасы арқылы бауырға барып жетеді. Бауырда олардың уыты қайтады.


Бауыр, орналасуы, құрылысы мен қызметі.
Бауыр, hepar, үлкен қызыл-күрең түсті, адам организміндегі ең ірі без. Ересек адамда салмағы 1500гр жуық. Бауыр организмде бірнеше қызметтер атқарады, ас қорыту мүшесі ретінде ішекке өт бөледі, бауырда кейбір белоктар (альбумин, глобулин, протромбин) түзіледі, осы жерде глюкоза гликогенге айналады, қан арқылы келген әртүрлі зиянды заттарды залалсыздандырылады. Сонымен қатар эмбрионалдық кезеңде бауыр қан түзуші мүше және қан депосы болып табылады.
Бауыр топографиясы. Бауырдың оң жақ қабырға астында орналасады да қабырға доғасынан төмен түспейді.
Бауырдың пішіні саңырауқұлақ қалпағы тәріздес, екі беті болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   115




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет